ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

14:52, 19 ақпан 2019

Жамбыл облысында 2429 табиғат пайдаланушы бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық экология департаментінің басшысы Қанатбек Мәдібек журналистермен өткен  баспасөз конференциясында атап өтті.   

 Жауаптылардың мәліметіне қарағанда, аймақта экологиялық жағдай қалыпты көрінеді. Облыста 2429 табиғатты пайдаланушы бар. Өткен жылы экологиялық сарапшылық кеңес 4 рет отырыс өткізген. Кеңестерде «Казфосфат» компаниясының Минералды тыңайтқыштар зауыты, «Қаратау» тау-кен өңдеу кешеніндегі «Орталық» кен орны, «Көк-Су» кеніші және «Біріккен өнеркәсіптік алаңы», «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясының Аралтөбе және Кесіктөбе кен орындары үшін жобалар қаралған. Ластану көздерінен ауаға тарайтын қалдықтар эмиссиясы тапсырыс берушілердің сұраған көлемінен 7,2 мың тоннаға азайтылды. Табиғатты қорғау шараларына кәсіпорындармен 956,2 млн. теңге жоспарланса, оның 84,2 пайызы игерілді. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржының 95,4 пайызы жұмсалған. Десекте,  табиғатты пайдалануда салғырттықа жол беретіндер әлі де бар. Былтыр жүргізілген 93 тексерудің нәтижесінде 129 факт анықталған. Тараз қаласына 317 тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытша сақтау алаңдарында пластмасса және пластикалық бұйымдар үшін 347 торлы контейнерлер қойылды. Жарамсыз, құрамында сынабы бар электр шамдары, химиялық қуат көздері мен батареяларды бөлек жинақтауға арналған 30 жабық контейнерлер орнатылды, - деді басқарма басшысы Қанатбек Мәдібек.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...