ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ БАНК БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТАДЫ

19:15, 29 наурыз 2019

Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Үкіметі енді Ұлттық Банкпен ТЫҒЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН  болады. Тараптар осы  жылы макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес 10 негізгі тапсырма анықталып отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің Жамбыл облысындағы филиалының директоры Евгений Шарыгин мәлімдеді.

Айта кетейік, негізгі міндеттердің ішінде: инфляцияны бақылау, отандық ипотекалық бағдарламаларды қолдау, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту сынды салмақты  бағыттар  бар. Алайда,  экономиканың тұрақты өсуі және бағаның бағамын  ұстап қалу алдағы жұмыстың негізгі бағыттары болып табылады. Ал,  қол қойылған құжатқа сәйкес, елдің бас банкі  2019-2021 жылдар аралығындағы кезеңде инфляция бойынша нысаналы бағдарды    4-6% -ға, содан кейін 3-5%-ға дейін төмендетуді көздеп отыр.  Сонымен қатар, отандық экономиканы қаржылай қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына да баса назар аударылды. Енді  Үкімет пен  Ұлттық Банк «Нұрлы-Жер» және «7-20-25» бағдарламаларын бірлесе іске асыруды  жалғастырады.. Сондай-ақ, Ұлттық Банк құрылыстың көлемін ұлғайтатын болады. Айта кетейік, биыЛ   7-20-25 бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 611 миллион  теңге шамасында  75 өтінім мақұлданған еді. Және де осы уақытқа дейін 536 миллион теңгеге 64 несие  берілген.

Евгений ШАРЫГИН ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ  ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  \ Үкімет пен Қазақстан Ұлттық банкінің келісілген іс-қимылдары баға тұрақтылығын, экономиканы қолжетімді қаржыландыруды және қаржы нарығының орнықтылығын  қамтамасыз етуге бағытталатын болады.  Бұл жұмыс халықтың әлауқатының және өмір сүру деңгейінің өсуіне бағытталған мемлекетің экономикалық саясатының басты мақсатына сәйкес келеді. Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 5 пайыз деңгейінде қалыптасты.\

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар