ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ҰРПАҚ ИГІЛІГі

12:50, 19 қараша 2018

Киіз басу, құрақ құрау, өрнек ою – тарих қойнауынан жеткен өнер. . Ол халықпен бірге жасап, өрістеп отырады.Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап келеді. Оны жалғастырып, насихаттау  үшін құрылған «Аманат» бағдарламасы Әулиеата өңіріне келді.

 «Аманат» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл шеберлік сабағының мақсаты халқымыздың ежелден қалыптасқан мәдениетін шыңдау. Мұнда дәріс берушілер қыз-келіншектерге апаларымыздан мұра болған қолөнердің жаңаша технологиясымен таныстырып, құрақ, ойма өнерінің дизайнын құрастыру және өз кәсібін ашамын дегендерге шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Ырза Тұрсынзада – «Аманат» бағдарламасының елшісі

Үйрету алаңына 16-75 жас аралығындағы тігін шеберлері өз өнерлерін шыңдау мақсатында келген. Мұндағы 100-ге жуық нәзік жандылар  тек Жамбыл өңірінен ғана емес Түркістан облысынан да келіп қатысты.

Асмагүл Мүбаракова - Қатысушы

 «Аманат» қоғамдық жобасы  еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан  еңбек иелеріне қолдау көрсету мақсатында құрылған. Бағдарламаны бірқатар  зиялы қауым өкілдері  ұлттық мұраны жалғастырудағы басты жоба ретінде қолдап отыр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар