ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

20:30, 24 қазан 2018

Облыстағы барлық нысандар мен тұрғын үйлер жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы бүгін «Өңірлік коммуникациялар» алаңында өткен брифингте Энергетика және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев мәлімдеді.Бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша 3250  бюджеттік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер жылумен қамтамасыз етілген. Жылудың сапасын, әрі оның дер кезінде берілуін қадағалайтын  арнайы коммисия құрылып, Қаратау, Шу, Тараз қалалары және Байзақ, Меркі аудандарында жеті штаб отырысы өткізілген.

Құдайберген  ҚОРҒАНБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жылу дер кезінде берілгенімен  кедергілер де жоқ емес. Мәселен, Тараз қаласы бойынша тұрғын үйлердің сексен пайызға жуығының тозығы жеткен. Осы себептен, жылу жүйелерін іске қосу кезінде жер төлелер мен пәтерлерде құбырлардың жарылу фактілері жиі кездеседі. 

Қайсар ДҮЙСЕНБАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Тараз қаласы бойынша орталықтандырылған  жылу жүйесіне 1213 тұрғын үй тіркелген. Олардың 887 – сі «Тараз Транс Энерго» орталығына, 98-і  «Темір жол- Жылу»,163-і «Жамбыл-Жылу» мекемесіне тиесілі. Энергия үнемдеуге келгенде тұрғындар көп жағдайда сылбырлық танытатын көрінеді. Олардың жылу есептеу құрылғыларын сатып алу немесе орналастыру жұмыстары  көңіл көншітпейді - дейді мамандар.

Құдайберген  ҚОРҒАНБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жеке тұрғын үй секторында газ бен қатты отынды қолдану  кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы тиіс. Брифингте мамандар осы жәйтті қатаң ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
21:19, 14 маусым 2019
КАНАДАЛЫҚ КОМПАНИЯ ИНВЕСТЦИЯ САЛУҒА НИЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар