ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

21:25, 15 сәуір 2019

Тура 2 айдан соң жұмысы қиын, жалақысы мардымсыз қызметкерлердің айлығы артады. Яғни, ең алдымен білім саласындағы жас мұғалімдер, психологтар, балабақша жетекшілері, тәрбиешілер және олардың көмекшілері. Еден жуушылар, күзетшілер, отжағушылар, электрик, сантехниктердің де еңбекақысы еселенді. Сосын барып, кезек басқарушы санаттағы қызметкерлерге жетпек.

 КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал, бізде есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персонал.01:02

Жалақысы жақсы ұстаз сапалы білім беруі тиіс. Осы ретте алдағы 3 жылда 144 мың мұғалімнің біліктілігі арттырылады. Бірақ, ағылшын тілінің курстарынан өтпейді. 2020 жылдан бастап ағылшын тілінің мұғалімдерін ЖОО дайындамақ.  Ал, 2021 жылға дейін елімізде 190 жаңа мектеп салынады. 

 КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

Бұл 190 мектеп ең алдымен үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің проблемасын шешуге бағытталып отыр. Сондай-ақ, апаттық жағдайда орналасқан және оқушылардың орны жетіспейтін мектептердің мәселесін шешетін болады. Сонымен қатар, жер сілкінісіне байланысты біраз мектепте жөндеу жұмыстарын өткіземіз 05:15

Педагог ұғымы біріздендіріледі. Соған сай, барлығының құқықтары теңестіріледі. Сондай-ақ, педагог құқығы қызғыштай қорғалмақ. Яғни, оның жұмысымен жағаласпау, ар-абыройына нұқсан келтірмеу және оларды кәсіби жұмыстан тыс іске араластырмау. Бұл – заңмен бекітіледі. Ал, ережеге бағынбағандар жазаланады. Мұның барлығы алдағы уақыттың еншісінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
13:51, 24 мамыр 2019
ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
Толығырақ...
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
14:23, 20 мамыр 2019
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар