ШҰҒЫЛ! ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНУДЕ Толығырақ

АБАЙ ОҚУЛАРЫ: ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ

21:02, 29 сәуір 2019

Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өтетін Абай оқулары байқауы биыл да жалғасын табуда. Оған 17-29 жас аралығындағы азаматтар қатысып, жүлделі орындар үшін бақтарын сынайды. Қалалық мәдениет үйінде өткен іріктеу кезеңінде де 10 үміткер өзара жарысып, жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды.

 Ұлы Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген жастардың ықыласын арттыру шараның басты мақсаты болып табылады. Өйткені, байқауда қатысушылар тек жарысып қана қоймай, көрермен жүрегінен жол табуы шарт.

 Айгерім ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Байқауға қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Олар алдымен Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларынан үзінді оқыса, келесі кезеңде Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіров және Фариза Оңғарсынова сынды ақындардың поэзиялық шығармаларын нақышына келтіріп орындады.

 Ерлан НҰРЛАНОВ  ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

 Он үміткердің басын біріктірген қалалық байқау тартысқа толы болды. Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар  мен сыйлықтар табыс етілді. Ал, бас жүлде иегері алдағы уақытта облыстық сайыста бағын сынайтын болады.

А.Ермекұлы   А.Әділ    «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21:17, 19 мамыр 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ»...
Толығырақ...
БӨЛІНГЕН ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАШАНДА НАЗАРДА
22:17, 18 мамыр 2020
БӨЛІНГЕН ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАШАНДА НАЗАРДА
Толығырақ...