«Білім шырағы» газетіне 20 жыл толды

19:55, 26 маусым 2017   341

Білім саласында жыл сайын енгізіліп жатқан жаңалықтар мен оқу үрдісіндегі жаңа технологияларды насихаттайтын «Білім шырағы» газетіне биыл 20 жыл толады. Бүгінде бұл басылым жаңалықтың жаршысы ретінде ұстаздардың сүйікті газетіне айналып отыр.

Алғашында «Халық тәлімі» деген атпен жарыққа шыққан  газет біраз уақыт өтіп «Білім шырағы» деп атала бастады. Бүгінде 20 жылды артқа тастап ,педагогтардың мүддесін көтеретін, ақпараттық-әдістемелік нұсқамен өркен жайған басылымының өз оқырманы бар. Таралымы 4000 дана. Газеттің ерекше ізденіске толы «Жас маман мектебі», «Ұстаз портфолиосы», «Әдістемелік көмек», «Министрлік күнделігінен» айдарлары әрдайым оқырмандарын жалықтырған емес.

Фарида Шортанбекова, № 45 мектеп гимназиясының директоры

/Облыстық «Білім шуағы» газетімен 20 жылдан бері таныспын. Өйткені, алғаш жұмыс тәжірибемді басталғалы бері бұл газеттен көптеген керекті ақпараттар алдым.Еңбек ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. /

Сондай-ақ,  ұстаздардың ұсынысымен редакция ішінен «Озық сабақ» журналы ашылды.Бүгінде өзінің тұрақты оқырманы бар  аталмыш журнал да өңіріміздегі педагогтардың әдістемелік тәжірибе алмасуының «алтын көпіріне» айналған.  Ұстаздың еңбегі шәкірті арқылы бағаланады десек, оқушылардың талабын қанаттандырып отырған «Жас дарын» журналының да ықпалы зор. Онда оқушылар мен білімгерлер өздерінің тырнақалды жобаларын, ғылыми жұмыстарын жариялап отырады.

Райхан Бостанова, «Білім шырағы» газетінің бас редакторы

/Мынау Республикалық маңызы бар құжаттың /Білім саласына қатысты нормативтік құқықтық актілдерді, қабылданған заңдарды, сондай-ақ мұғалімдердің оқу-әдістемелік тәжірибелерімен мұғалімдер осы біздің газеттен біліп отырды. Оқырмандарымызға рахмет. Олар 20 жыл бойы бізбен бірге келе жатыр.

Басылымға жариялаған материалдары мен туындылары үшін тілшілердің де еңбегі еленіп жүр. «Үздік мақала» номинациясымен, «Құрмет» грамотасымен талай рет марапатқа ие болып келеді. Аталған газет бүгінде өз оқырманы бар кемел шағында. Редакция ұжымының жұмысына сәттілік тілеп, оқырманы ұлғая берсін демекпіз.

Шырайлым Болатбекқызы, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40