ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

19:09, 3 маусым 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Туған жерге туыңды тік» мақаласын қолдауда өңірдің өркендеуіне үлес қосып жатқан жандар аз емес. Соңғы жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті түлектері арасында да мұндай игілікті іс үрдіске айналған. Толығырақ алдағы бейнематериалда. «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасының бітіруші түлектері биылғы жылы жаңа, игі істің бастамасын бастады.

«Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадам» деп Елбасының сөзін тиек еткен түлектер, «Латын әліпбиі» кабинетінің ашылуына бір кісідей атсалысты. Жеке қаржылары есебінен кабинеттің заманауи жабдықталуына себепші болды.

Айниль АБУӘЛІ, БІТІРУШІ ТҮЛЕК

Аудитория ақпараттық озық технологияларды пайдалана отырып, жаңартылған білім мазмұнында оқытуға бағытталған. Мұндағы әрбір  көрнекілік құралдары көмегімен  латын әліпбиін тез меңгеріп кетуге болады.

Тұрсынай ӘБДІҚАДІРОВА, КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ

Осылайша, университет өкілдері игі істің бастамашыларына өз ризашылықтарын білдірді. Ал, бітіруші түлектер өздерінен кейінгі студенттерге айтулы шараның дәстүрге айналуын тапсырды.

Ү.Сейсенғали, Н.Құдияров «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар