Латын әліпбиіне көшу – өмір талабы

16:30, 13 қыркүйек 2017

Латын әліпбиіне көшу туралы бастама ел ішінде қызу талқылануда. Латын әліпбиін енгізу – бірінші, заман талабы болса, екіншіден – қажеттілік. Және бұл әліпби  қазақ жазба тіліне жат емес.  Латын әліпбиі – ақпарат заманында ғаламтордың мүмкіндігін барынша пайдалануға да мол мүмкіндік береді, дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Саурықов.

Ерболат Саурықов, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бүгінгі күнге дейін біз бірнеше әліпбиді басымыздан кещтік. Соның барлығында біз ешөқашан өзіміздің тілімізді, мәдениетімізді, ділімізді жоғалтқан жоқпыз. Мен ғалым ретінде жеке басым латын әліпбиіне өтуді қолдаймын. Қолдауымның негізгі себебі – біз қазір әлемдік жаһандану үрдісінен қалмауымыз керек. Қазіргі уақытта, қарап отырсаңыздар, бүкіл өсіп келе жатқан жастарымыз, жас ұрпақ, ақпараттық қоғамға, цифрлы қоғамға алғашқы баспалдақтарын жасап жатыр. Біз әлемдегі өркендеу, әлемнің даму үрдісінен қалмауымыз керек. Сол үшін, міндетті түрде латын әліпбиін қабылдауымыз керек.

 

Тақырып бойынша материалдар

Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһанданудың негізі
19:56, 21 қыркүйек 2017
Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһанданудың...
Толығырақ...
Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
17:06, 21 қыркүйек 2017
Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...