Латын әліпбиіне көшу – қазақ тіліің беделін көтеруге жол ашады

16:32, 13 қыркүйек 2017

Латын әліпбиіне көшудегі басты бағыт – ана тіліміздің халықаралық мәртебесін көтеру. Жаһандану дәуірінде бұл бастаманың маңызы зор. Күні кеше осы мәселеге байланысты Парламентте өткен тыңдалымға қатысып қайтқан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесіп, алқалы жиыннан алған әсерімен бөлісті.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бүгінгі күні қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл тақырып – ел тәуелсіздігін алғанда –ақ, көтерілген болатын. Сол кезде қазақ лингвистері мен зиялы қауым өкілдерінің арасында латын әліпбиіне ауысудың пайдасы мен кері әсері туралы пікірталастар жүре бастағаны мәлім. Яғни, бұл бізге жат дүние емес. Алайда, біз асықпадық. Алдымен,экономикамызды, содан кейін саясатымызды жақсартуға ден қойдық. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру мәселесіне кезек енді келген секілді.

Қазіргі жаһандану дәуірінде ісімізден ойымыздың озық жүруі – басты талап. Біздің ғалымдардың пайымдауынша, латын әліпбиіне көшу мәселесін сағызша созудың ендігі жерде еш реті жоқ.  Егемендігімізді алған 25 жылдың ішінде бұл – әбден пісіп-жетілген, еленіп-екшелген. Игі бастаманы жүзеге асыруға профессор-оқытушылар құрамы да бір кісідей атсалысуы керек, деп санайды.

Статистиканы сөйлетсек, әлемдегі 224 мемлекеттің 70-80 пайызы латын графикасына әлдеқашан көшкен. Латын әліпбиінің тарихы тым тереңде жатыр. 800 жыл бұрын пайда болған. Демек, ғылымның тілі – латын харпінде. Тағы да тарихқа үңілсек, латын әліпбиі көш бастап тұрған өшпес төрттік тілдің қатарында. Бұл дегеніңіз – ғылым мен білімді ұштастырған латын тілінің өшпестігін білдіреді, дейді ғалымдар. Кездесуде осы сынды тұщымды ойлар мен пайымды пікірлер ортаға салынды. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты осы мәселеге қосар өз үлесі ретінде арнайы ғылыми орталық ашуға ниет білдіріп отыр.

Аягөз Тілеуханқызы, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһанданудың негізі
19:56, 21 қыркүйек 2017
Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһанданудың...
Толығырақ...
Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
17:06, 21 қыркүйек 2017
Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...