ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

15:08, 26 қазан 2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтқан болатын. Осыған орай Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханада «Латын әліпбиіне көшу: мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақ әліпбиін кирилицадан латын қарпіне ауыстыру рухани жаңғырудағы  үлкен міндет. Ол үшін латын қарпінің дұрыс нұсқасы таңдалуы  қажет.  Сондықтан дөңгелек үстелге қатысқан ғалымдар өздері дайындаған алфабиттің нұсқаларын таныстырды. 

Қасиет Молгаждаров, ТИГУ профессоры

Апострофтарды қоя беру өте сәнсіздік. Оған байланысты мен мысалдарымды жиып-теріп алып келдім. Сондықтан барлығына апострофтарды қою қажет емес. Кейбіреуін ауыстырып қойып, кейбіреуіне мысалы «һ» дыбысы деген бар бізде. Айтылуы бізде айтылмайд, тек жазылады. Яғни, мысалы «Гауһар» деп ешкім айтпайды. Біз «Гаухар» деп «Х»-мен айтамыз. Сондықтан «Х» дыбысын мүлдем кіргізбеген.Хат, хан, ханшайым, ханым деген сөздер бар бізде. Ертең қалай айтамыз?

Қазіргі уақытта әліпбиді ауыстыруға байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Бірі латын алфабитінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық дегенді айтады. Мұндай пікірлердің орын алуы заңды. Себебі, көпшіліктің ой-пікірімен санасқан жөн. Сонда ғана латын қаріпінің дұрыс нұсқасы қалыптасады.Кездесетін қиындықтарды да ескерген жөн.

Әлібек Нүрімбетов, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары

Мектеп оқушыларына және жоғарғы оқу орындарына керекті әдеби-құралдарды шығару үшін өте үлкен көлемде  қаржы керек болады. Әліпбиді шығарған кезде қарт, егде адамдарға осы әліпбиді игеру бір мәселеге алып келуі мүмкін. Сондықтан оларға да осыны ескерте отырып, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар жасау керек

Қазір еліміз ешкімге жалтақтамай тірлік жасайтын дәрежеге жетті.Енді қоғами-мәдени болашақтың қамын ойлаған дұрыс. Латын әліпбиіне көшу- әлеми ақпарат кеңістігіне өтуді білдіреді. Яғни, халық  жоғары технологияларды игере отырып, тұрмыстық деңгейін көтереді. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаһандық деңгейде дамуына жол ашылады. Дөңгелек үстелде бас қосқандардың ойы осындай ортақ пікірге тоғысты.

Гүлзат Сейдуллақызы, Руслан Бегалы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
13:51, 24 мамыр 2019
ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
Толығырақ...
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
14:23, 20 мамыр 2019
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...