ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

МЕКТЕПТЕ АҚША ЖИНАУ ТЫйЫЛМАЙ ТҰР

23:11, 3 мамыр 2019

Мектептегі ұстаздар мен ата-аналардан ақша жинау  тыйылмай тұр. Аттестациялық комиссияға, газет-журнал, мектептің іші-сыртын бүтіндеуге, іс-шараларға ақша жинау жалғасын тауып келеді.  Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті «Жамбыл адалдық алаңы» кеңсесі жүргізген әлеуметтік сауалнамада анықталған. Мектептегі ақша жинау мәселесі талқыланған жиыннан Нәзима Дәрменқызының бейнесюжеті

 Ай сайын 2000 – 3000 теңге. Мектеп жәрмеңкесі, бор, тақта, жөндеу жұмыстарына. Арысы басшылықтың туған күні мен мерекесі. Міне, осындай шағым әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Осыны ескерген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаменті 21 мектептің ұстаздары мен ата –аналары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Нәтижесі бойынша ақша жинау науқанынан №8 гимназия, №44 мектеп, №5 мектеп алдыңғы қатарда көш бастап тұр.

 Равиль Төлебаев  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС – ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ЖО ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

 Бұл мәселе бұрын да жиі қозғалғанымен тоқтам болмай келеді. Енді, аймақтың бас ұстазы тиісті шара қолдануға уәде берді.

 Рахия Тұрмағанбетова  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осылайша сала басшылары ақталуға мәжбүр. Осыған дейін мектепте ақша жинауға тиым салынады деп келген, әлеуметтік сауалнама бәрін әшкере етіп отыр.

Ақшаны мектеп емес ата –аналар жинайды деген желеу де бар.  Сондықтан,  қамқоршылық кеңесінің мүшелері де арнайы шақыртылған.  Олар арнайы ортақ шот ашып қаржыны бақылаудың мөлдірлігін қамтамасыз етпек болғаны белгілі.   Алайда, ол шотқа әлі 1 тиын да түспеген.

Равиль Төлебаев  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС – ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ЖО ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

 Жиын барысында балабақшаға кезекке қою, мектепке балаларды 1 – сыныпқа қабылдау мемлекеттік қызмет түрі енді eduscool.kz. edugarden.kz жүйесі арқылы жүргізілетіндігі де айтылды. Мектептегі ақша жинау және тағы да басқа мәселелер туралы сауалнамалық зерделеу тұрақты түрде жалғасатын болады.

Назима Дәрменқызы, Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
18:48, 15 мамыр 2019
ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...