ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНУДА

19:07, 10 қаңтар 2019

Назарбаев зияткерлік мектебіне құжаттар қабылдау жалғасуда. Физика-математика бағытындағы іргелі білім ордасына балаңызды оқытқыңыз келсе, ертерек қамданыңыз.  Қараша айының соңында басталған құжат қабылдау мерзімі аяқталуға жақын.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған білім мекемесінің басшылары Назарбаев зияткерлік мектебінің мүмкіншіліктері мен келешегі, оқу жүйесі сынды сауалдарға жауап берді.

Қазіргі таңда еліміз бойынша 20 Назарбаев зияткерлік мектебі бар болса, оның бірі Тараз қаласында. Бұл білім ордаларын 2008 жылдан бері 8 мыңға жуық түлек тәмамдаған екен. Нақтылы кезде 14 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Мектеп басшылығы аталған білім мекемесіне атақ үшін немесе таныс арқылы емес, біліммен сусындағысы келетін талапты жеткіншектер қабылданатынын ескертіп отыр.

Талғат БАЙНАЗАРОВ – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер 7 құжат тапсырады. Олар: байқауға қатысу үшін өтініш, арнайы сауалнама толтыру, туу туралы куәлік  көшірмесі, медициналық  және мекенжай анықтамасы. Сондай-ақ,  үміткердің  оқу үлгерімі мен тәртібі туралы табель. Бұл  құжаттар мектеп басшысының қолымен расталып, мөрімен бекітілуі тиіс.

Нәзиля ТҰРМАХАНБЕТОВА – ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Ескертетін жағдай,  байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда, құжаттар қабылданбайды. Ал, Тараздағы НЗМ-не оқуға түсу үшін биылға  құжаттарды тапсыру мерзімі қаңтар айының он тоғызында аяқталады.

А. Тілеуханқызы, Ғ. Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
20:45, 4 наурыз 2019
ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
«БОЛАШАҚ» – ЖАСТАРҒА  ҚАНАТ БІТІРЕТІН БАҒДАРЛАМА
18:44, 13 ақпан 2019
«БОЛАШАҚ» – ЖАСТАРҒА ҚАНАТ БІТІРЕТІН БАҒДАРЛАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...