ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ОҚУЛЫҚТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР ОҢАЛА МА?

20:09, 8 мамыр 2019

Қазақ тіліндегі оқулықтарда өрескел қателер өріп жүр. Бейнебір орыс мектебіндегі шәкірттерге арналғандай. Себебі тапсырмалардағы мысалдар да сол тілде. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл осы жағдайды сынға алып Білім және ғылым министріне сауал жолдады. Айталық, «Алматы» баспасынан шыққан математика кітабында ұлттық валютаны теңге деп жазудың орнына «KZ»,-деп келтірген. «Мектеп» баспасының 7-сыныбына арналған физика пәні оқулығында да олқылықтар жетіп артылады. Осы ретте депутат таңдаулы педагог мамандар, ұстаздар мен әдіскерлерден құралған білікті комиссия оқулықтарының өтпей қалып жататынына таңданыс білдірді. Ол бастауыш сыныптағы әдебиет пәні оқулығында тапсырма YouTube-тен берілгенін көріп жаға ұстағанын айтады. 

БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Әдебиеттік кітабы 4-сынып кейбір тапсырмаларында YouTube-деп көрсетіліп оқушыларға мультфильм көруге тапсырма берілген. 20-шы бетте. Оқушылар осындан басқа пайдасыз, зиянды, қажетсіз ақпараттар алу мүмкін емес пе. Мәліметтер бойынша есеп құрастыр деп мысалға шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығын анықта делінген. Мына кітап қолда тұр. Енді о заманда, бұ заман велосипедші мен шаңғышының ұшқанын көрген жоқпыз.

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
13:51, 24 мамыр 2019
ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
Толығырақ...
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
14:23, 20 мамыр 2019
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар