ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК

18:51, 5 тамыз 2019

Грантқа түсе алмаған талапкерлерге тағы бір мүмкіндік. ҚР Үкіметі мен Облыс әкімдігінің гранттары көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы балаларына үлестірілмек. Жамбыл облысына бұл мақсатқа барлығы 499 орын бөлініп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.

Биыл еліміз бойынша бірінші рет ел Үкіметі мемлекеттік білім грантын иеленбеген талапкерлерді қолдау мақсатында 5 мың грант бөліп отыр. Оның 460 –сы Жамбыл облысына тиесілі. Оған қосымша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 орын  және 9 орын резидентураға бөлінді. Бұл конкурсқа көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан түлектер қатыса алады.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА / ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

/КЕСТЕ/Аталған конкурсқа қатысу үшін өткізілетін құжаттар тізбесі:

  1. белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
  2. білімі туралы құжаты /құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа/;
  3. ҰБТ сертификаты;
  4. 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;
  5. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  6. АӘК алатынын растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.

Айта кету керек, бұл байқауға Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектеулі бал алған үміткерлер қатыса алады.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА / ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Аталған білім беру гранттарын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер бүгіннен бастап қабылдануда. Яғни тамыз айының 5-10 аралықтарында тапсыруға болады. 

Қымбат Қаржауқызы, Тілеуғабыл Саржан, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...