ТарМУ түлектері диплом алды

20:15, 19 маусым 2017

Бүгін – өңірдегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Тараз мемлекеттік университетінің Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті түлектері үшін ерекше күн болды. Студенттер бірнеше жыл бойы жиған білімінің төлқұжаты іспеттес дипломдарын қолға алды.

Тараз мемлекеттік университеті білім, ғылым, өнер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы білім ұясының қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер қазір сан-салада жемісті еңбек етіп жүр.Университет ректоры бүгінгі бітірушілердің де сол жолды абыроймен жалғайтындығына сенім білдіріп, бірқатарына қызыл диплом табыстады.

Махметғали Сарыбеков / ТарМУ ректоры / Университет жалпы ұлттық рейтинг бойынша 130 жоғары оқу орнының 6-шы орын иеленді. Ең үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кіріп отыр. Білім сапасы артып келеді. Бүгін төлқұжат аласыздар құтты болсын...

Сондай-ақ, салтанатты іс-шара барысында алыс-жақыннан келген қонақтар оқу ордасының жұмысына сәттілік тілеп, түлектерге диплом тапсырды.  Биылғы оқу жылында Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетін 250-ден астам түлек тәмамдап отыр. Олардың 42-сі оқуда озат, көпке үлгі болғаны үшін қызыл диплом иегерлері атанды.

Майра Ілес / Үздік студент / Барлығымыз қатты толқып жүрміз. Қуанышымыз өте үлкен. 4 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты.  Осы жылдар жа көп дүниені үйрендік. Барша ұстаздар қауымына алғыс айтамын.

Осындай өңіріміздегі беделді оқу орнын тәмамдап, ерекше үлгідегі диплом алған түлектер қуанышы шексіз. Олардың алдындағы ендігі меже тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін елеулі еңбек ету.

Данияр Асқарұлы

 Тоқтар Терлікбаев  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһанданудың негізі
19:56, 21 қыркүйек 2017
Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһанданудың...
Толығырақ...
Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
17:06, 21 қыркүйек 2017
Жастар латын әліпбиіне көшуді қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...