ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

21:42, 5 сәуір 2019

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының ұйытқы болуымен ұлағатты ұстаз Сағымкүл Күлекеева атындағы дәрісхананың ашылуына арналған семинар өтті. Дәрісхана ашудағы басты мақсат- студенттерді өз мамандықтарын сүюге, кәсіби және жеке өмірлік жетістіктерге жетуге, руқани құзіреттілігін дамытуға баулу.

Сағымкүл Жұмағалиқызы 1959 жылы Жамбыл облысы, Лугавой ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Жамбыл педагогикалық иниститутының физика- математика факультетіне түсіп, 1980 жылы физика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Өзінің саналы ғұмырында еліміздің солтүстік, оңтүстік өңірлерінде жас ұрпаққа білім беру ошақтарында өз ізін салып кеткен педагог. 

Ержан Әмірбекұлы ТарМПУ ректоры

Жаңа форматта жасақталған кабинет, алдағы уақытта педагогтарға жұмыс жасау үшін  қолайлы орын болмақ. Семинар барысында Сағымкүл Күлекеева туралы «Бақытты әйел әлемі» фильімі көрсетілді. Сондай-ақ, педагог бойынан табылатын қайталанбас қасиеттері жайында лебіздер айтылды.

Сәрсенкүл Әйгөлекова С.Күлекеевтің группаласы

Осы уақытқа дейін бұл оқу орнында 10 атаулы кабинет ашылған. Сағымкүл Жұмағалиқызының есімі берілген бұл дірісхана да, болашақ педагогтарға білім мен тәрбие, рухани азық беруге пайдасы зор болмақ.

Қ. Байкүшіков

Н.Құдияров

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
13:51, 24 мамыр 2019
ТАРАЗДА 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ КІТАП, ОҚЫП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
Толығырақ...
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
14:23, 20 мамыр 2019
ЖАС ДИРЕКТОРЛАР МЕН ҮЗДІК ҰСТАЗДАР САЙЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар