ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

18:40, 7 тамыз 2019

Жамбыл облысында білім саласына жылына 100 млрд теңгеден аса қаржы бөлінеді. Қыруар қаржының көмегі саланы заманауи негізде дамытуға  мүмкіндік беріп отыр.

Мәселен, Талас ауданында білім реформалары өз нәтижесін беріп отыр. Шағлайдағы ауылдарда да заманауи  технологиялар игеріліп, жаңартылған білім мазмұны енгізілді.  Сонымен  қатар, мектептердің 90 пайызы 5 күндік оқу аптасына көшкен. Таласқа барып қайтқан тілшіміз Нұрдос Сенбектің репортажы.

Қазір білім саласын цифрландыру басты қажеттілік. Ал, бұл бағытта жұмыстар жалпы еліміздің білім беру саласындағы серпіліс. Мәселен, қазір мекетептерге 1 сыныпқа қабылдау ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол eduscook.kz сайты жүзеге асады. Оның артықшылықтары туралы сала мамандары былай дейді.

Арман АЛТЫНБАЕВ –МЕКТЕП ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

/Биыл біз едускул бағдарламасы бойынша алғаш рет оқушыларды қабылдады. Онлай сұраныс беру уақытты тиімді етсе, екінші жағынан ата-аналарға да оңай./

Ауданда апатты  және үш ауысымды мектептер жоқ. Тек күрделі жөндеуді қажет ететін 6 білім ошағы бар. Бұл бағыттар бойынша білім басқармасына сұраныс жасалып, тиісті қаражат көлемі қарастырылуда. Мұнан өзге, материалдық-техникалық жабдықтауға жергілікте бюджеттен 18 млн 288 мың теңге бөлініпті.

Гүлшат ҚОЖАТАЕВА – ТАЛАС АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ /биыл біздің көрсеткішіміз нәтижелі. Өткен жылдармен салыстырғанда ілгерілеу бар.

Осылайша ауданда білім берудің жаңа жүйесіне енгізілген талаптар толығымен орындалған. Алдағы білім күні қарсаңындағы оқу жылына толығымен дайынбыз дейді жауаптылар.

Н.Сембеков, Р.Бегалы «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...