Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқулықтар апробациядан өткізіледі

18:57, 13 қараша 2017

Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес елімізде кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл үрдіс 2016-2017 оқу жылында 1 сыныптан бастау алды. Ал биыл аталған жүйеге 2,5,7-ші сыныптар көшіріліп отыр. Келер жылы бұл тізімдер қатарын 3,6,8,10-шы сыныптар толықтыратын болады.

Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері әрбір облыс орталығының педагогтарымен кездесіп, жаңартылған білім жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру үстінде.Бүгін министрлік өкілдері Жамбыл облысына келіп, Тараз қаласындағы №54 орта мектебінде мұғалімдерге семинар – кеңес өткізді.Айтулы іс-шараға еліміздегі қазақ және орыс тілді 75 оқулық авторы қатысты. Ондағы мақсат – авторлар мен мұғалімдер оқулықтың сапасын, мазмұнын бірге талқылауы тиіс. Осылай еткенде ғана, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуіміз мүмкін – дейді мамандар.Үлкен жиыннан кейін қонақтар мен ұстаздар секцияларға бөлініп, оқулықтардың жалпы форматын талқылауға кірісті. Айта кету керек, мұғалімдер тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер алдағы уақытта міндетті түрде ескеріледі.

Қайыржан Рақымжанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру институтының директоры

Қазіргі таңда апробация өткізу шешімі қабылданды. Осы 2017-2019 оқу жылының ІІ тоқсанынан бастап, 6,8 сыныптардың оқулықтары апробациядан өткізіліп жатыр. Одан өткеннен кейін оқулық авторларына осы оқулықтарды өңдеуге, пысықтауға тағы да уақыт беріледі. Мінекей, бүгінгі осындай отырыстарда орын алған, келіп түскен ұсыныстар оқулықтарды пысықтау кезінде ескеріледі. Мұның бәрі, болашақтың қамы үшін жасалып жатқан жұмыс. Білім министрлігі болсын, Алтынсарин академиясы болсын осы бағыттағы жұмыстарды, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырады

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...