ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАС ТАЛАПКЕРГЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

17:33, 19 шілде 2019

Жас талапкерге жаңа мүмкіндік. Ұлттық бірыңғай тесте  шекті 50 балл жинасаң да – грант ұтып алуға болады.   «Серпін - 2050» әлеуметтік жобасы тегін білім алуға және әрі қарай жұмыс тауып, баспаналы болуға да  жол ашып отыр.

Бағдарлама  елімізде 6- шы жыл қатарынан жүзеге асып келеді. Қазір гранттан үмітті талапкерлер  құжаттарын тапсырып жатыр. Жобаның жай жапсарын Нәзима Дәрменқызы айтып береді.

«Срепін» жобасы оңтүстік жастарына, жұмысшы күшіне қажеттілік қалыптасып отырған еліміздің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде тегін білім алуға мүмкіндік береді. Өйткені, ол аймақтарда өндіріс ошақтары көп.

Бекбол ҚАЙЫПЧАЕВ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \5 жыл ішінде қанша студент оқып келгенін Жамбыл облысынан, ауыл жастарына мүмкіндік екенін айтады\ (20 сек)

Арманы асқақ, мақсаты айқын жастардың бірі Саламат Райымбек. Грант ұтып, жылу энергетика саласының маманы атанбақшы. 

Саламат РАЙЫМБЕК  ТАЛАПКЕР \Серпін бағдарламасы жайлы, қай қаланы таңдайтының ойланып отырғанын айтады\  (18сек)

Бұл бағдарламаның пайдасы тек азамат білім алып қана қоймай, ай сайын шәкіртақы алады, баспанамен қамтылады. Ең бастысы, оқу бітірген жас маман жұмыссыз қалмайды.

Нұрлыбек ӘУБӘКІРОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ

\Талапкерлер көбіне қандай мамандық түрлерін таңдап жатқанын айтады\ (18 сек)

Назима Дәрменқызы тілші

Республика бойынша Серпін бағдарламасына 5200 – ге жуық грант бөлінген. 21 Жоғарғы оқу орны ауыл жастарының құжаттарын 20 – шы шілдеге дейін қабылдауға дайын.

 

Жамбылдық жастар жыл өткен сайын  бағдарламаға белсенділік танытып отыр. Мәселен, 5 жыл ішінде барлығы 1384 білімгер оқуға түскен. Оның 1169 – ы жоғарғы оқу орындарында, 215 – і колледждерде түрлі мамандық бойынша білім алуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар