ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

20:45, 4 наурыз 2019

Үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Әсіресе, ауылшаруашылығы саласында еңбек етемін деген азаматтар үшін мол мүмкіндіктер берілмек. Бұл туралы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген сенат депутаты Абдалы Нұралиев студенттермен кездесуде айтты.

Жамбыл облысына іс-сапармен келген халық қалаулысы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде болды. Оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, студент жастармен кездесу өткізді. Жиында Елбасының қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде айтылған маңызды міндеттердің орындалу барысына тоқталды.

Абдалы Нұралиев   ҚР Парламенті сенатының депутаты

 Бұдан бөлек, биылғы жастар жылында елімізде бірқатар кешенді жобалар іске аспақ. Жастарды жаппай кәсіпкерлікке тарту негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кеңейе түспек. Кездесуде студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Құралай Несіпбай / Студент

Абдалы Нұралиев   ҚР Парламент сенатының депутаты

 Сондай-ақ,  сенатор Абдалы Нұралиев өткен жылы индустрияландыру жобасы арқылы іске қосылған «Сәуле» кондитерлік фабрикасында болды. Қазіргі уақытта тәулігіне 3 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорында 60-тан астам адам тұрақты еңбек етеді. Өндіріс орнының жұмысына сәттілік тілеген халық қалаулысының жұмыс сапары аймақта ары қарай жалғасады.

Данияр Асқарұлы

Асқар Әділ, Өміртай Ыбырай

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар