ШҰҒЫЛ! АДАМ САУДАСЫ – ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА Толығырақ

Жолдаудағы басым бағыттар – ел дамуының кепілі

15:07, 12 қаңтар 2018

Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауы – еліміздің одан әрі дамуына нақты бағдар береді. Маңызды құжатта көрсетілген әрбір бағытты әр азаматқа жеткізіп, түсіндіру – ортақ міндет. Осыны мақсат еткен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұжымы Жолдауды талқылап, өз пікірлерін жиында ортаға салды.

Елбасының дәстүрлі Жолдауын  ұлттың болашаққа деген бағдары, айқын мақсаты деуге болады. Жыл басталғаннан жұртшылық осы бір маңызды құжатты күтуді дағдыға айналдырған. Себеп те жоқ емес. Жыл құжатының әрбір жолы кемел келешекке жетелейді. Оған жету жолындағы межелі міндетті нақтылайды. Елбасы биылғы жылғы дамудың нақты 10 қадамын айқындап берді. Оның ішінде жаңа білімді меңгеру қабылетін дамытуға жол көрсететін  – адами капитал – жаңғыру негізі бағыты бәрінен бұрын оқытушылар қауымына етене жақын.

Ерболат Саурықов, ТИГУ ректоры

Оқу орындарына байланысты айтылған ең өзекті мәселе – бұл тек білім мен тәрбие беріп қана қоймай,біздің ғылымымыз міндетті түрде өнеркәсіппен бірлескен, ертеңгі күні ғылыми жұмыстарымыздың нәтижесі сол өнеркәсіпке өзінің әсерін тигізетін, сол арқылы ел экономикасының ары қарай дамытатын негізгі ба,ыттар болуы керек.

Жаһандану заманында расымен, білім мен ғылымға қойылар талап жоғары. Бұл сала заман көшінен қалмай үздіксіз дамуды қажет етеді. Демек, озық отыздықтың қатарына ену үшін сан саланың тамырына қан жүгіртіп, дамуына жағдай жасайтын білімді ұрпақ екендігі баршаға аян. Бұл жолғы Жолдауда да Елбасы білім саласына ерекше екпін салды.  Ал агросаланы ары қарай қарқынды дамыту  өз алдына ауқымды мәселе.

Мұрат Жұмаділдаев, доцент, экономика ғылымдарының кандидаты

Жолдауда Елбасы негізінен, ауылшаруашылығын дамытудың саясаты неде дегенде, ең алдымен, еңбек өнімділігін арттыру керек деп жатыр. Және экспортқа шығаратын өнімдерімізді көбейту мәселесі туралы баса айтты. Ал еңбек өнімділігі дегеніміз, ең алдымен ауылшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге себеп болатын мәселе.

Еркін Ақтаев, ТИГУ ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Еліміз Тәуелсіздігін алғалы бергі бұл 21 –ші жолдау. Биылғы Жолдаудың ерекшелігіне қарасаңыз, технология жағына қарай ауысқан. Себебі, жаһандану заманында Елбасы айтып кеткен цифрлық технологияға, интеллектуалдық басқару жүйелеріне көшу – мұның барлығы дамыған отыз елдің критерилерінің бірі деп айтуға болады.

Бұдан бөлек, қаржы секторын қайта жаңғырту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сынды межелі міндеттер нақтыланды. Жиында ғалымдар Жолдау жүктеген осындай маңызды міндеттерге жеке-жеке тоқталып, ендігі кезекте халыққа түсіндіру мен насихат жұмысын жүргізу қажеттігін айтты. Бұл ретте оқу орнында арнайы құрылған ақпараттық топ өз жұмысын бастамақшы.

Аягөз Тілеуханқызы, Өміртай Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Жаңартылған білім  - мемлекет болашағы
19:43, 15 қаңтар 2018
Жаңартылған білім - мемлекет болашағы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
20:30, 16 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚАНДАЙ?
13:20, 17 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...