ШҰҒЫЛ! «Батыр ата» патриоттық клубы ашылды Толығырақ

Абайлаңыз, тұмау!

15:11, 12 қаңтар 2018

Биыл еліміз бойынша тұмау ауруы дендеп тұр. Санаулы күнде 5 адамның өмірін жалмады. Ал, өңірдегі ахуал қандай? Сізді де алаңдата ма? Мамандар нені ескертеді? Алда бірге көрейік.

Тұмау ауруы дендеп тұр. 2017 жылы 5 адам жұқпалы дерттен сауыға алмаса, биылғы көрсеткіш мүлдем көңіл құлазытады.Жыл басталғалы, небәрі он шақты күннің ішінде еліміз бойынша вирустық дерт 5 адамның өмірін жалмады. Ал өңіріміздегі ахуал нендей? Ақ халаттылар сақтық шараларына қамдану үстінде ме? Әлде бояуы сіңгенін күте ме? Арна тілшілері инфекциялық аурулар ауруханасында болып, жағдаймен танысып қайтты.

Сәния Ахметова бірер күн бұрын өзін нашар сезініп, әуелі емхана есігін жағаламай, үй жағдайына емделуді жөн санайды. Науқасы бой алдырмағасын Жамбыл аудандық орталық ауруханасына жүгінеді. Ондағылар дертіне шипа таппай, облыстық инфекциялық аурулар ауруханасына түседі. Қазіргі ахуалы жақсарып, беті бері қараған. Дегенмен респираторлық вирус бұрынғыға қарағанда, қиын өтетіндігін айтады. Сәния сынды ем іздегендер мұнда жетіп артылады. Басым бөлігі аяғы ауыр әйелдер мен балалар, егде жастағы азаматтар.

Сәния Ахметова, Жалпақтөбе ауылының тұрғыны

Алғашында тамағым ауырып, қызуым көтерілді. Әлсіреп, жөтел үдей түсті. Біздің отбасы үлкен, сондықтан ауруды кім әкелгенін байқамай да қалдық. Вирус өте күшті, үйде дәрі ішіп емделуге болмады. Асаға барып едім, ондағылар осында жіберді. Қазір тәуір болып қалдым

Ал абзал жандар аймақта тұмаудың аз екендігін айтады. Есесіне жедел респираторлы вирустық аурулардың көрсеткіші біршама көбейген. Көпшілігі «А» және «В» типтері. Одан бөлек, дәрігерлер қауіпі басым вирустардың  тіркелгендігін де жасырмады. Мұның себебін мамандар жергілікті халық әлі де вакцина, иммундау ісіне салғырт қарағанның кесірі деседі. Мәселен өткен 2017 жылы 1 млн 100 мыңнан астам жамбылдық тұрғындардың тек 11 пайызы ғана, яғни 130 мыңына екпе егілген. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сай келсе де, облыс халқының санына шаққанда мардымсыз.

Сағыныш Нұрқабылова, әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

ЖРВИ 7405 жағдай тіркеліп отыр 2017 жылы, ол 2016 жылы салыстырғанда өте көп,920 жағдайға. Былтыр 5300 жағдай болған. Оның ішінде 7405-тің 5 мыңдайы олар 14 жасқа дейінгі балалар. Сол 5000 ішінде 2002 жағдайы 1 жасқа дейінгілер. 1469 ересектер. 30 пайызы энтровирустық инфекциялар және аденовирустық жағдай. Ең жоғарғы санаттағы инфекционистердің айтуы бойынша бізде тұмау ақпан және наурыз айларында күтіліп отыр

Балабақша мен мектептерде жағдай қалыпты. Біз өз кезегінде дәріханаларға да бассұқтық. Мұндағылардың айтуынша, тұмаудың дәрісіне сұраныс жылдағыдай. Тек қарапайым халық емдік препараттардың құны қолжетімсіз болып барады деп қынжылады.

Грипп  көбейіп жатыр. Осы ретте ауырдық, күн біресе жылы, біресе суық болып жатыр. Соған дәрі-дәрмек алып жатырмыз. Тайлол хот дегенді, раствор қылып беруге, біреусі 120 теңге.

Өздеріңіз түсініп тұрған шығарсыздар, бұл бұрын тиын тұрмаушы ма еді?

Денсаулық сақтау мамандары вирустық індеттің «көкесі» алда екендігін хабарлайды. Әсіресе ақпан және наурыз айларында. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырған абзал. Дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданып, қоғамдық орындар да бетперде киюді ұмытпаңыз. Ал ауырып қалған жағдайда өзімбілермендікке салынбай, бірден емханаға көрініңіз. Бұл дәрігерлердің нұсқауы.

Гаухар Рысбай, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Денсаулық сақтау саласы – Елбасының назарында
15:06, 12 қаңтар 2018
Денсаулық сақтау саласы – Елбасының назарында
Толығырақ...
Созылмалы бүйрек ауруы жасарып барады
15:24, 10 қаңтар 2018
Созылмалы бүйрек ауруы жасарып барады
Толығырақ...
2017 жылғы медицина саласының қорытындысы
21:23, 5 қаңтар 2018
2017 жылғы медицина саласының қорытындысы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар