ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ

21:09, 25 сәуір 2019

Ақ халаттылардың салғырттығы адам өліміне апарып  соққан.   Бұл туралы медициналық көмек көрсету бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.  Жиында  жүрек-қан тамыр аурулары, жарақаттар кезінде жедел көмек көрсету мен онкологиялық ауруларды басқару қызметінің ықпалдастырылған үлгілерін енгізу барысы қаралды.

Сала мамандарының баяндамасына  сүйенсек  диспансерлік есепте тұрған науқастарға дұрыс қадағалау жасалмайды.   Салдарынан адам өлімі орын алыпты.  Мәселен, Тараз қаласындағы №7 емхана қызметкерлері жүрек-қан тамырлары сырқатымен ауыратын  7 адамды  әлі есепке алмаған.   Ал,  Талас ауданында инсульттан емделіп шықты деген науқастар  қайтыс болыпты.  Жамбыл, Т. Рысқұлов пен Сарысу аудандарында кардиолог мамандар жоқ. Мұндай мәселелер  шаш етектен.  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев бұл ретте аудан әкімдерінің орынбасарларына сан сылтауды алға тартпай, маман тапшылығын реттеп, жауапкершілікті күшейтуді  тапсырды. Жиында мұнан өзге жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсету, босандыру және бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша қабылданған жол картасында көрсетілген индикаторлардың орындалу барысы талқыланды. Орын алған кемшіліктер негізінде жауапты мамандарға тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.

Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

А. Тілеуханқызы, А. Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
20:10, 11 маусым 2019
ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...