ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ

20:22, 4 шілде 2019

Жамбыл облысында  туберкулезбен аурушаңдық біршама азайған. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. Мұнан өзге  жиында ҚР Ұлттық физиопульмонологиялық  ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық  көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстарының жай-жапсарына тоқталды.

Туберкулез жас талғамайтын дерт. Онымен күрес жылдар бойы тоқтаған емес. Тіпті үкіметте туберклезбен күресудің кешенді жоспары да құрылған. Осыған орай  аудандар мен  облыстық диспансердің қызметімен жақын танысу үшін ҚР Ұлттық фтизиопульмонологиялық  ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов бастаған бірқатар мамандар келген. Олар он күн бойы аудандық аурухана дәрігерлерімен кездесіп, пікір алмаспақ.

Мәлік Әденов ҚР Ұлттық фтизиопульмонологиялық  ғылыми орталығының директоры

Туберкулездің алдын алу мен емдеу жолдарын жеңілдету барысында «Gxpert» молекулярлы-генетикалық аппаратар алынған. Олар шілде айында Шу, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Талас аудандық орталық ауруханаларына орнатылмақ. Мұнан өзге аталған дертке шалдыққан науқастарға бөлінген қаржы көлемі артқан.

Қайрат Жетібаев Жамбыл облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының бас дәрігері

Ағымдағы жылдың алты айының көрсеткіші бойынша аурушаңдық 14,5 пайызға төмендеген дейді бас дәрігер. Алайда,  Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай Сарысу аудандарында туберкулезбен аурушаңдық обылыс көрсеткішінен жоғары көрінеді. Үйлестіру кеңесінде Бекболат Орынбеков маман тапшылығын қолға алып, саладағы кемшін тұстарды ширатуды жауаптыларға тапсырды.

Райхан Шәлібекқызы, Нұрлыбек Құдияр «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар