ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

Денсаулық сақтау саласы – Елбасының назарында

15:06, 12 қаңтар 2018

Денсаулық сақтау мәселесі – Елбасы Жолдауында ерекше атап көрсетілген бағыттардың бірі. Стратегиялық құжаттың жетінші бағыты  - үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. Ендігі кезекте отандық медицина асқынған науқас түрлерін емдеп, көп қаражат жұмсағанша, аурулардың алдын алу мақсатында жұмыстар атқармақ.

Бұл ордай әлемдік озық тәжірибелерді пайдаланатын боламыз. Жастардың денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылады. Егемен ел болғалы атаулы сала кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресте оң нәтижеге қол жеткізе білді. Осы сынды онкологиялық дертпен күресті үдете түсу міндеттеледі. Цифрлық жүйеге көшу арқылы, «қағаз қолданбайтын ауруханаға», яғни медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру. Білікті кадр мәселесі күн тәртібінде, осыған орай, медициналық ЖОО-да клиникалар ашу қолға алынады. Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлемек. Жергілікті дәрігерлер қолдау білдіріп, бұл денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуына тың серпін деп санайды. Қазіргі таңда аймақ ауруханаларында жаңа саяси құжаттың мазмұнымен танысып, жүктелген міндеттемелерді орындауға жұмыла кірісуде.

Батырбек Үсенбаев, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері

10 қаңтар Елбасы Жолдауы халыққа жолданды. Осыған байланысты біз өз тарапымыздан дәрігер ретінде оны қолдаймыз. Және де осы келе жатқан мерзімде жастар үшін қызмет жасаудамыз. Ана мен бала өмірін азайту, және де медицина саласына өте көп көңіл бөлінуде. Осы міндеттемелерді келесі жылдары атқаруға атсалысамыз. Және соны барлығын жасаймыз ден міндеттеме аламыз

Гаухар Рысбай, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Созылмалы бүйрек ауруы жасарып барады
15:24, 10 қаңтар 2018
Созылмалы бүйрек ауруы жасарып барады
Толығырақ...
2017 жылғы медицина саласының қорытындысы
21:23, 5 қаңтар 2018
2017 жылғы медицина саласының қорытындысы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар