ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА БАЗЫНА КӨП

18:32, 15 сәуір 2019

Денсаулық саласына қатысты халықтың арыз шағымы азаяр емес. Арнайы әлеуметтік зерделеу жүргізген «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері осылай деп отыр.  Әсіресе, қызмет сапасының нашарлығы мен парақорлыққа қатысты базына көп айтылған.   

Бұл мәселелер Адалдық алаңы өкілдері жүргізген  жүргізген мониторинг қорытындысы мен әлеуметтік желілерде жасаған сауалнамасы бойынша белгілі болған. . Сондықтан, Мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары  Денсаулық сақтау басқармасының басшыларын арнайы шақырып,  қоғамдық  қабылдау өткізді.

Әлеуметтік желідегі жинақталған сауалдардың басым көпшілігі  – медицина саласындағы цифрландыру мәселесіне қанағаттанбайдықтарын жеткізіпті. Сондай ақ,  порталға қою, ауруханаға жатқызу қызметіне де базына азаяр емес.  Ең сорақысы,  дәрігерлер науқасты емдегенін міндет етіп, ақша алуды  қояр емес деген де айтылған.  Сауалдарға жауап берген сала басшысының орынбасары мұны мойындағаны болса керек,  тұрғындардың өзі кінәлі дегенге келтірді.

Хамит МЫРЗАҚАСЫМОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай ақ, сауалнамаға қатысқандар емханаларда қызмет көрсету сапасының төмендігіне шағым айтқан.  Қоғамдық қабылдауға келген 2 баланың анасы Елена Кан да,  мүгедек баласына алатын тегін дәрі-дәрмек ала алмай жүргеніне  наразылық білдірді. Оның қызы сирек кездесетін тері аурулары дертіне шалдыққан екен, сондықтан жақпа майын кез келген дәріханадан табыла қоймайды, әрі бағасы да арзан емес.

Елена КАН, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері көпшілікті толғандырған сауалдардың жауабын алдық деп есептейді. Және алдағы уақытта осы сияқты басқа да мекеме басшыларын алаңға шақыруды жоспарлап отыр.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Тоқтар ТЕРЛІКБАй, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
20:10, 11 маусым 2019
ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар