ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

14:42, 18 маусым 2019

Таразда түркиялық «Орхун медикал» диагностикалық орталығы ашылды. Медицина саласында танымал «Орхун Саглык» компаниясының филиалы енді Әулиеаталықтар үшін медициналық қызмет көрсетпек.

Диагностикалық орталықта  аппараттар цифрлық жүйеге негізделген. Магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, цифрлық рентген сынды медициналық жабдықтар арқасында ауруды жедел анықтайды.

Айдос СИХЫМБАЕВ  "ORHUN MEDICAL" ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Орталықта  жоғары санатты дәрігерлер халыққа қызмет көрсететін болады. Мамандардың көбі Еуропа, Австралия, Түркия, Ресей елдерінің білікті дәрігерлерімен тығыз байланыста болып, жұмыс істеуге мүмкіндік жасалынған.

Света СЕРІКОВА ДӘРІГЕР  /Біздің басты міндетіміз тұрғындарға барынша ашық әрі сапалы қызмет көрсету. Компанияда көптеген шет мемлекеттерде қызмет істеген дәрігерлеріміз бар. Олардың қатарында Мәскеу мен Алматы  қалаларының мамандары бар. Барлығымыз сәулелендіру медицинасын барынша дамытуға тырысудамыз.

"Орхун Медикал" орталығының білікті  мамандары аймақтағы  дәрігерлерге  кеңес беріп, конференция өткізді. Мамандардың сөзіне сенсек, Қазақстанда 171 мыңнан аса адам анкологияға шалдығып, тіркеуде тұр. Алайда, науқастар жаңа аппарат жайында біле бермейді екен.

Жандос АМАНҚҰЛОВ  /  АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПЭТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Түркиялық желі  Қазақстанның 3 қаласында болған.   Енді  Әулиеаталықтар үшін де қолжетімді болып отыр.

Ү.Сейсенғали Р.Сандыбай «ЖҚ»  

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...