ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ДОНОР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

16:14, 5 маусым 2019

Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік донорлар күні аталып өтеді. Бұл күнді Жамбыл облыстық қан орталығы да назардан тыс қалдырмады. Басқаның өмірін құтқаруға ерікті түрде және өтеусіз өз қандарын сыйлайтын, қан донорларын құттықтауға арналған іс-шара ұйымдастырды.

Мұнда жылына он екі мыңнан астам қан данациясы дайындалады.  Тұрақты донорлар саны бес жүзге жуық. Жылына үш-төрт реттен  қан тапсыратын қайырымды жандар қанның адам өміріне маңызды екенін жақсы түсінеді.  Сондықтан да бүгінгі келушілердің қатары көп. Бірі алты жылдан бері тұрақты донор болса, енді бірі алғаш қан тапсыруда.

Александр БОРИСОВ ТҰРАҚТЫ ДОНОР /Донор болудың маңызы зор. Мен жылына төрт рет тұрақты түрде қан тапсырамын. Одан менің денсаулығым жақсарып, өзімді өте жақсы сезінемін. Әрі қанды қажет ететін адамдарға көмектесетініме қуаныштымы/

Рафаэль НАСАБУЛИН ТҰРҒЫН /Мен бүгін алғаш рет қан тапсырып отырмын. Ешқандай қорқынышты емес. Келіңіздер қан тапсырыңыздар. Сіздің қаныңыз адам өмірін сақтап қалуға сеп болмақ. Мен енді жиі қан тапсырып тұрамын деген ойдамын/

Дәрігерлердің айтуынша қан өткізудің денсаулыққа пайдасы зор. Ең алды адамда жасару процесі жүреді. Жүрек-қан тамыр, қант диабеті, онкологиялық аурулардың алдын алып, қан кету процесін тежейді екен.

Назгүл САҒЫНТАЕВА ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТ

Дүниежүзілік донор күні  «Қан біздің барлығымызды біріктіреді» деп жарияланған. Бұл күннің мақсаты айқын. Адам өмірін сақтап қалу жолында жүрген  донорларға алғыс айту. 

Райхан Шәлібекқызы, Асқар Әділ «ЖҚ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
20:10, 11 маусым 2019
ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...