ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ

20:10, 11 маусым 2019

Аймақта ең үздік жедел жәрдем бригадасы анықталды. Бұл біздің өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқау.  Жарыс шарты бойынша ең үздік шыққан команда Елодада өтетін төртінші халықаралық сайыста облыс намысын қорғамақ. Мұндай байқаудың жедел жәрдем мамандарына берері көп - дейді ұйымдастырушылар. Толығырақ қызыққа толы сайысты бақылап қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Бұл жедел жәрдемнің күнделікті жанталасқан жұмысының бір ғана көрінісі. Басына қиындық түскен жанның өміріне араша түсу үшін мұндағылар барын салып бағады. Өмір мен өлімнің ортасында жатқан  адамның арашасы да болады.

Гүлзағира ҚЫЗҒАРАЕВА ЖО ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Өңірде алғаш рет ұйымдастыырлған байқауға Тараз қаласымен қоса Байзақ, Жамбыл аудандарынан келген сегіз команда қатысты. Шапшаңдық пен ептілікті талап ететін жарыста әр команда: жүрек талмасына түскен науқасқа, жол апатына ұшыраған жанға, ай-күні толған келіншекті үй жағдайында босандыру мен қатар биіктен құлаған бес жасар балаға жедел жәрдем көмегін мүлт кетпей көрсетуі тиіс. Әрине төрт түрлі жағдай, уақыт та тығыз. Қалт жібермей қадағалап тұрған қазылар алқасы тағы бар. Сондықтан еш қателесуге болмайды, - дейді үміткер Вероника Моисеева.

Вероника МОИСЕЕВА ФЕЛЬДШЕР

Сонымен жанталасқа толы байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды бабы мен бағы келіскен «Бәйтерек», екінші орынды «Сұңқар»,  үшінші «Бүркіт» командалары алды. Барлық қатысқан қызметкерлерге ақшалай сыйлықтар мен кубоктар тарту етілді. 

Райхан Шәлібекқызы, Тоқтар Терлікбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...