ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕДИЦИНА САЛАСЫНА СЕРПІН КЕРЕК

18:41, 12 сәуір 2019

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова жамбылдық ақ халаттылармен де жүздесті. Тараз қалалық №5 емханасында өткен кездесуде өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар айтылды. Сонымен бірге атқарушы билік қолға алуы тиіс бірқатар мәселелер назарға ұсынылды.

1 млн. 100 мыңнан аса халқы бар  Әулиеатада  атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Биыл алғашқы медициналық санитарлық көмекке қазынадан 21,6 млрд теңге бөлінді. Ауыл-аймақтағы ағайынның талайдан бергі тілектері орындалып, былтыр 39 медициналық нысан  ашылды. . Өткен жылы еліміз бойынша ашылған осындай 214 нысанның 23 пайызын Жамбыл облысы құраған. Ал, мәселелер де жоқ емес. Аймақта ақ халаттылар ауадай қажет. Өткен жылы облысқа келген 122 маманның 102-сі  ауылды жерлерге жіберілді. Есепке салсақ, бір дәрігердің жүктемесі - 2103 адам. Сондықтан, жалпы практикалық дәрігерлерді өңірге тарту кезек күттірмейді.

Ләззат АҚТАЕВА – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

1-шілдеден бастап медицина қызметкерлерінің  жалақысы 30 пайызға өседі. Бұл мақсатқа 2 млрд. 800 млн теңге қарастырылмақ. Арнайы жол картасы да жасақталыпты. Саладағы өзекті мәселенің бірі – міндетті әлеуметтік сақтандыру. Республика бойынша осы жүйемен қамтылмағандар  - 900 мыңды құрайды екен.  Жамбыл облысында статусы анықталмаған тұрғын саны 81 мың.

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  

/ медицина сапасын арттыру бойынша, жаңа көпбалалы әйелдер қойған сұрақтардың ішінде білім мен медицина сапасы нашар деп отыр. бірақ бұл жерде объективті көзқарас болу керек деп ойлаймын. Қоғамдық медицина мен алғашқы медициналық санитарлық көмек бойынша Үкіметте жақын арада осы сұрақ толығымен қаралды. Осы жылдан бастап 209-2022 жылдарға дейін жаңа бағдарлама, жаңа жоспар қабылданады. Ол жөнінде сіздер де өз пікірлеріңізді білдіреді деп ойлаймын. Сонымен қатар, биыл 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аяқталады. Сондықтан біз қазірден бастап жаңа бағдарламаның концепциясын жасауымыз керек. Оны бюджеттік процесс басталғанға дейін қарап, Үкіметке 5 жылға бекітіп алуымыз қажет/.

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың белсенді шараларын жүргізу де күн тәртібінен түспейді. 100 пайыз компьтермен қамтылғанымен,  қағазбастылық әлі де кездеседі. Жиында мұнан өзге сенімгерлік басқаруға берілген емханалардың  артықшылықтары да   айтылды. Вице –премьер Гүлшара Әбдіхалықова медициналық қызмет көрсету бағытындағы шаруаларды әлі де болса, ширата түсу қажеттігін атап өтті.   

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...