ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ОБЫРҒА ҚАРСЫ ОН КҮНДІК

21:00, 8 ақпан 2019

Жамбыл облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 7194 адам  қатерлі ісік ауруымен  есепке алынған.  Ал, аты жаман аурудың құрығына ілініп, алғашқы рет анықталғандар саны 1582 ге жеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов  журналистер алдында мәлімдеді.

 Ақпанның алғашқы он күндігі «Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні» болып бекітілген. Бұл ретте облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлері емханаларда түсіндіру жұмыстарын  жүргізген. Қатерлі ісікке тосқауыл қою үшін обырға әкеліп соғуы мүмкін деген  ауруларды емдеуге аса көңіл аудару керек. Атап айтқанда сүт безі, жатыр мойны, тік ішек, тері, қалқанша безі  ауруларын дер кезінде емдесе ауру асқынбайды. Сондықтан әрбір адам  емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларға қаралғанда әйелдер мен ерлерді қарау кабинетінен өткені жөн, осы тексеру кезінде қатерлі ісік ауруларын ерте сатыда анықтауға болады.  Сондай-ақ, ауру көрсеткіштерінің жасаруына байланысты скринингтен өту бұрын  40 пен 70 жас болса, қазір 30-70 аралығы болып  өзгертілген. Яғни, әйелдер 30 жастан бастап төрт жыл сайын мамолог пен циталогиялық кабинеттен өтуіге міндетті. Ертең диспансерде ашық есік күні болады, онда әр бір тұрғын диспансерге барып тегін тексеруден өте алады дейді бас дәрігер.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АПАТЫНДА ЖАРАҚАТТАНҒАНДАР ТАРАЗҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
16:23, 22 сәуір 2019
ЖОЛ АПАТЫНДА ЖАРАҚАТТАНҒАНДАР ТАРАЗҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
«АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЙЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
18:53, 16 сәуір 2019
«АУРУЛАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЙЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
21:22, 18 сәуір 2019
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
Толығырақ...