ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

Онкологиялық дерт азаяр емес

15:32, 8 қаңтар 2019

Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінде 2018 жылдың он бір айында 1434 адам қатерлі ісік диагнозымен есепке алынған. Мамандардың айтуы бойынша бұл көрсеткіш 2017-ші  жылмен салыстырған да біршама азайған.  Десек те, өкінішке орай Әулиеата өңірі бұл дерт   түрінен республикада алдыңғы сапта келеді.   

Ал. Елбасы жолдауында  ұлт саулығын нығайтуды  мықтап қолға алудыатқарушы билікке  жүктеген  болатын.  Сонымен қатар, Елорда төрінде  ғылыми онкологиялық орталық салуды тапсырды.  Жаңа бой көтеретін медициналық нысан әлемдегі ең озық технологиялармен жабдықталуы тиіс. Жамбыл облысында да да бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылмақ.

Қатерлі ісік ауруының түрі көп. Қазақстанда ең көп көздесетіні - сүт безінің қатерлі ісігі. Аты жаман аурудың бұл түрі Жамбыл облысын да айналып өтпепті. Яғни, алғашқы орында тұр. Өткен бір жылдың ішінде 174 қыз-келіншек шалдыққан. Одан соң өкпе 162, тері 135, асқазан обыры 132 адамды құраса, әйелдірдің жатыр мойыны қатерлі ісігі бесінші орында көрінеді. Бұрын бұл дертке 50-60 жастағы әйелдер шалдықса, енді 30-40 жастағы қыз-келіншектерден табылып жатыр.

Кенжехан Беккулиев  мамандандырылған кеңес беру диагностикалық орталығының жетекшісі

 Гүлжан Тәйтелі /Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігерінің орынбасары

 Анығында әйелдер сүт безі қатерлі ісігінің пайда болғанын айлап, тіпті жылдап сезбейді. Ауруын асқындырып, дерттің үшінші, төртінші сатысына жеткенде дәрігердің көмегіне жүгінеді. Бұған экологияның бұзылуы, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс сияқты факторлар себеп - дейді дәрігерлер.

 Кенжехан Беккулиев мамандандырылған кеңес беру диагностикалық орталығының жетекшісі

 Адам денсаулығы –қоғам байлығы.  Онкологиялық аурудың алдын алуда жағымды жаңалықта жоқ емес. Анығын айтсақ, өткен жылы  онкологиялық диспансердің іргетасы Әулиеатада да қаланған болатын. 200 орынға арналған жаңа ғимарат 2020 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Онкодиспансердің ішінде жаңадан торакалды бөлім мен онкогистология және онкогемотология бөлімдері ашылмақ.

 

Райхан Шәлібекқызы, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРЫЛЫСТА ЖАРАЛАНҒАН АЗАМАТ КӨЗ ЖҰМДЫ
20:47, 15 наурыз 2019
ЖАРЫЛЫСТА ЖАРАЛАНҒАН АЗАМАТ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...