ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

СУСАМЫР БЕЛЕҢ АЛУДА

14:39, 9 қаңтар 2019

Денсаулық саласына қазынадан млрд-тап бөлінетін қаржы жыл санап көбеюде. Дегенмен, ауру түрлерінің азайып жатқаны да шамалы. Керісінше бірқатар  қатерлі дерттердің жасарып бара жатқанын айтып, мамандар дабыл қағуда.

 Мәселен,  сусамыр ересектерді былай қойғанның өзінде балалар арасында белең алып барады.  Дәйекке дәлел айтсақ, өткен жылы  123 бала қант диабетімен  тіркеліпті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 25 балаға артық.  Тақырыпты таразылаған  Райхан Шәлібекқызының репортажы.  

Халық арасында сусамыр атауымен кеңінен танымал осы бір сырқат бүгінде тым жасарып кеткен. Небары  бір жас тоғыз айға толған Нұрислам Әкімжан айықпас дертке бір жасында душар болған. Содан бері Жамбыл облыстық балалар ауруханасында үздіксіз ем алып келеді.

Момынжан Сембиев ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Ардақ Молдабаева ЖАМБЫЛ ОБЛСЫТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЭНДОКРИНОЛОГ ДӘРІГЕРІ

  Қант диабеті – ұйқы безінің бета клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруына байланысты зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын созылмалы ауру.  Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда бұл кесел жиірек байқалады. Көбінесе инсулинге тәуелді түрі кездеседі дейді мамандар.

Ардақ Молдабаева ЖАМБЫЛ ОБЛСЫТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЭНДОКРИНОЛОГ ДӘРІГЕРІ

Қант диабетіне шалдыққан баланың ауыз қуысы құрғап, суға деген құмарлығы артады, түнде зәрінің тоқтамауы ең басты  белгісі. Үй жағадайындағы күтімге де  аса мән беру керек. Себебі, дәрігерлер толық емдей алмауы мүмкін. Мәселен,  өткен жылы ауруға шалдыққан 123 баланың 78-і қайталап келіп ем алуға мәжбүр болған.  

Райхан Шәлібекқызы, Нұрлыбек Құдияров «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
20:10, 11 маусым 2019
ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...