ШҰҒЫЛ! АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ЗАМАНҒА САЙ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬ

13:46, 24 мамыр 2019

Бүгінгі таңда Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму ісі сәтті жүзеге асырылуда. Оның ішінде , қорғаныс өнеркәсібі кешенін құру мен  қамтамасыз ету де жақсы жолға қойылған. Қазірдің өзінде еліміздегі жиырмадан астам зауыт  әскери қару-жарақ пен  оқ-дәрілер өндіреді.  Ал, бұл бағыттағы ендігі жетістік – қазір жаңа буынның жылжымалы емханалары шығарылуда.  Жылжымалы госпитальді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері де көзбен көріп, іс жүзінде сынап көрді.

Отандық өндірістің жаңа модульдік ауруханасын әскерилер  «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу - жаттығулары кезінде  пайдаланып көрді.  Іс- тәжірибе барысында әскери дәрігерлер Тараз қаласынан  жаттығу алаңына  дейін 1000 шақырымды жүріп өтті.

Шыңғыс АМАНЖОЛОВ  ЖОҒАРҒЫ ӘСКЕРИ – МЕДИЦИНАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жылжымалы госпитальда барлық жағдай жасалған. Онда  рентген аппараты орнатылған, ұрыс алаңында әскерилерге жылдам көмек беру үшін ота үстелі де бар. Сондай-ақ, жансақтау мен анестезиолог бөлмесі де қарастырылыпты.  Модульді аурухана әскери-медициналық кешенді біріктіретін жинақтаушы құрылым болып табылады.

Азиз ЖАПАРОВ АНЕСТЕЗИОЛОГ

Дәрігерлер жаттығу барысында Отан қорғаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауда, ұрыс даласында жүрген жолдастарына көмектесу үшін әрдайым  дайын екендігін көрсете алды.

Райхан Шәлібекқызы,  Дина Мұхаринова  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
20:10, 11 маусым 2019
ЕҢ ҮЗДІК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАСЫ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
20:59, 21 маусым 2019
«ЭРУДИТТЕР АЛАҢЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Толығырақ...
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
20:56, 21 маусым 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
Толығырақ...