Жамбыл облысында ең күрделі ота жасалды

19:27, 12 қазан 2017

Бүгінде жаңа технологиялар дамыған сайын медицина саласында әдіс тәсілдер де өзгерді. Осындай технологиялардың арқасында бүгін,  Жамбыл облыстық балалар ауруханасында бұрын сонды болмаған 2 күрделі ота жасалынды. Толығырақ тілші тарқатады.

Шымкент қаласынан арнайы ота жасатуға келгенАқжүрек есімді мына сәбидің туылғананы бар жоғы бір ай болған. Нәрестенің анасы  жүктілігінің 29-шы аптасында ультра дыбыстық зерттеуге түсіп, балада ақау бар екендігін анықтайды. Оған қойылған диагноз бас миының туа біткен ахауы. Яғни нәрестенің бас сүйегі қалыптан тыс кішкентай болғандықтан ми қысылып сыртына шығып кеткен. Дәрігерлердің айтуынша бұл ота өте күрделі әрі қауіпті. Өйткені артық бас ми жарығын алып тастап, миды қайта қалпына келтіру керек. Бұрын сонды облыста мұндай ота болмаған. Операция заманауи нейрохирургиялық микроскоп арқылы жасалды.

Марат Рабандияров, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері

Мұндай оталар Астанада істелген. Енді біздің мүмкіншілігімз артып, міне бірінші рет істелейін деп отыр.Мақсатымыз енді балаға ойдағыдай операция жасап, алдағы уақытта бақылауда ұстау.

Сондай-ақ, дәл осы ауруханада бүгін, 5 жастағы Нұрас Нұржігітұлына ота жасауға дайындық жүргізіліп жатыр. Нәресте шала туылғандықтан гидроцефалиямен ауырады. Ол дегеніміз бас ішіндегі сұйықтықтың қалыптан тыс жиналуы. Балаға екі айлық кезінде Астана қаласында операция жасалып шунт қойылған.  Алайда нәрестенің кеуде қуысы оны қабылдамай, дәрігерлер отаны қайта жасауды ұйғарған.

Айжан Қадырова, Тараз қаласының тұрғыны

Балам шала болып туылды. Астанада операция жасаттық.Шунт қойды. Енді міне тағы отаға дайындық.

Саят Жұмабаев, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының дәрігері

Бұл ота күрделі. УЗИ апараты арқылы істеледі. Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала айту қиын. Жақсы өтеді деп үміттенеміз.

Бұрын дәл осындай оталар тек Астана қаласында ғана жасалатын. Енді Жамбыл облыстық балалар ауруханасына алынған жаңа технологиялардың арқасында тұрғындар алыс жол жүрмей-ақ, осы ауруханада ота жасата алады.

Шырайлым Болатбекқызы, Өміртай Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі өршігіп тұр
18:54, 17 қазан 2017
Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі өршігіп тұр
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жұмыстары жүргізілуде
15:02, 17 қазан 2017
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықталды
19:10, 13 қазан 2017
“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықта...
Толығырақ...
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
14:40, 11 қазан 2017
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
Толығырақ...