ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

ЖАРЫЛЫСТА ЖАРАЛАНҒАН АЗАМАТ КӨЗ ЖҰМДЫ

20:47, 15 наурыз 2019

Ақпан айының аяғында Тараздағы тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыстан кейін ауруханаға түскен тұрғын қайтыс болды. Әріпбай Сағынбеков денесінің 50 пайызын күйік шалып, екі жеті бойы жан сақтау бөлімінде жатты. 65 жастағы тараздық тұрғынның өмірін сақтап қалу үшін ақ желеңділер аянбады. Бірақ, ауыр жарақатынан қатты қиналған қария кеше түнде бақилық болды. Еске салайық, 27-ші ақпан күні Тараздағы 9-шы шағын ауданда жарылыс болған еді. Салдарынан, 3 адам өлі күйінде үйіндінің астынан табылып, 6 адам ауруханаға жеткізілген. Болжам бойынша жарылыс газ құрылғыларының ақауынан болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әбілсейіт СЫДЫҚОВ, №2 ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮЙІКТЕН ЕМДЕУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

14-ші тәулікте науқастың ағзасында ауа жетіспеушілік болып, соның кесірінен өкпесі мен жүрегінде қысым пайда болып, жүрегі түнгі сағат он бірде тоқтады.

Тақырып бойынша материалдар

АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ
21:09, 25 сәуір 2019
АҚ ХАЛАТТЫЛАРДЫҢ САЛҒЫРТТЫҒЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ АПАТЫНДА ЖАРАҚАТТАНҒАНДАР ТАРАЗҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
16:23, 22 сәуір 2019
ЖОЛ АПАТЫНДА ЖАРАҚАТТАНҒАНДАР ТАРАЗҒА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар