ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

1-ШІ МАМЫР БІРЛІК КҮНІ

14:50, 2 мамыр 2019

Дүниежүзінде Қазақстан мерейінің үстем болуы - еліміздің бірлігі мен татулығының арқасы.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын 1-мамыр мерекесімен құттықтады. Ұлы дала сан түрлі ұлт өкілдерінің Отанына айналды. Бүгінде олар бір шаңырақ астында бір үйдің балаларындай бейбіт ғұмыр кешуде.

Тәуелсіздік алаңында тігілген ақ шатырдың ішінде түрлі этнос өкілдері жиналды. Жеке- жеке үй тікпей, бір шаңырақта болуының өзіндік символы осында жатыр. Олар өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, әндерін айтты. Бірлігі жарасқан елде өмір сүргендерін мақтанышпен жеткізді.

АКБАРЖАН  ИСМАИЛОВ  ТӘЖІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

мен өзі қазақ елінде тудым. Қазақ мектебін бітірдім. Балаларым да қазақ мектебіне барып жатыр. қайда жүрсем де қазақ елін таныстырып жүрдім. Шетелде болсам да. 0141

ЗҮЛФИЯ МУХАНЗАЕВА ДҰНҒАН ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 (Дұнған халықының атынан, біз қазақ халқына алғыс айтамыз. Қазақ халқы бізге осындай отан сыйлап, елімізде тең құқылы өмір сүріп жатырмыз.  Сондықтан  баршаңызды 1-ші мамыр мерекесімен құттықтаймын.) 

Мерекелік іс шараға елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келді. Қазақстанның тұңғыш президенті ұлттар арасындағы достыққа ерекше мән береді. Себебі төрткүл дүниедегі жанжал мен соғыстың қызарған шоғы тап осы дін мен ділге, ұлтпен ұлысқа бөлінуден басталады.  

НҰРСҰЛТАН  НАЗАРБАЕВ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

елімізде ата бабамыздан қалған нақыл сөз бар. Бірлік бар жерде тірлік бар деген. Кең байтақ жерді аманат етті.

Мәтін: Тарихқа терең үңілсек, қазақ жерінде тағдыр тәлкегін тартқан талай адам, өз отанын тапты. Біздің халық ешкімді алалап, ұлтпен ұлысқа бөлген емес. Қайта бауырына басып, дархандығымен дараланды.       

НҰРСҰЛТАН  НАЗАРБАЕВ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

біз енді тарихта көп этносты болғанымыздан ешкімнің жазығы жоқ. тарих солай болды. Сондықтан біз басқа елге қамқор болып, қазақ деген басқа елдің ұйытқысы болып, осылай жүріп жатырмыз.

Бүгінде әлем бойынша 70 миллион адам босқын атанды. Соқыр саясат оларды өзге жаққа көшуге мәжбүр етті.  

НҰРСҰЛТАН  НАЗАРБАЕВ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ

бірлік деген ұлы ұғым. Бірлік бар жерде ғана қандай да бір жетістікке жетуге болады. Бірлік бар жерде ғана мемлекет орнатуға болады. Сондықтан бұл біздің ең үлкен байлығымыз. Тәуелсіздігіміздің арқасында көп нәрсеге қол жеткіздік. Әлемге танылып, жанжалдасқан елдерді достастыратын болдық. Жан жағымызда небір жанжалдар жүріп жатыр. дінаралық ұларалық соғыс тоқтар емес. ол жерлерде ештеңе жоқ. тек сауғалаған қан мен елінен безген босқындар бар. Сондықтан біз бейбіт өмірімізді бағалай білейік. Тағы да бірлігіміз жарассын демін. 

Мерекелік шара концертке ұласты. Қазақ эстрадасының жұлдыздары әсем әндерін тарту етті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар