ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

100 ЖАСҚА ТОЛҒАН БИБІЖИҺАН ӘЖЕНІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

15:42, 6 наурыз 2019

Бүгінде елімізде 100 жастан асқан дара да, дана ақ жаулықты асыл аналарымыз көптеп табылады. Сондай жанның бірі - Тараз қаласының тұрғыны, қос ғасырдың куәгеріне айналған Бибижиһан Олжабекова. 4 қыз, 2 ұлды дүнеиеге әкелген аяулы ана бүгінде немере-шөберемен қатар, шөпшек те сүйіп отыр. Ғасыр жасаған әжені мереке қарсаңында Тараз қаласының әкімдігі арнайы құттықтап барып қайтты.

Бибижиһан Олжабекова 1919 жылы 3 наурызда Татарстан мемлекетінің шағын бір ауылында Абдулиндер отбасында өмірге келген. Оны ата-анасы еркелетіп, Зоя деп атап кетеді. Зоя білім алып, комсомол құрамына еніп, қоғамдық өмірге етене араласады. 1930 жылдардың соңында Кеңес өкіметі Орта Азиядағы республикалардың экономикасын көтеру үшін Ресейден білікті мамандарды жібере бастайды. Олардың қатарында Зояның әпкесі мен жездесі де бар еді, тұлымшағы желбіреген жасөспірім қыз әпкесінен қалмай, еріп кетеді. Сөйтіп, ол Қазақстанның Шолаққорған аудандық орталығына аялдайды. Осы жақта болашақ жан жары Бектен Олжабековпен кездесіп, танысып, отау құрады. Кейіннен, жолдасының жұмыс бабымен Жамбыл облысына көшіп келіп, осында тұрақтап қалған екен. Бүгінде отбасының ақылшысы, немере-шөберелерінің ардақтысына айналған Зоя әже бақытты. Наурыздың 3 күні 100 жасқа толған қария әлі де тың. Мереке қарсаңында қала әкімдігі тарапынан осындай қошемет – құрметке ие болған абзал ана ризашылығын жеткізді.

Қымбат Қаржауқызы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...