ШҰҒЫЛ! ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНУДЕ Толығырақ

15 АДАМ ҚҰДЫҚҚА ТҮСІП КЕТКЕН, 40 % ЛИФТІ ЖАРАМСЫЗ

20:54, 6 наурыз 2019

Астанада биыл 15 адам ашық құдыққа түсіп кеткен. Мәжіліс депутаты Сергей Симонов Премьер-министрге жолдаған сауалында осылай деді. 2018 жылы қақпасыз жатқан құдықтар жайлы 2 800 өтініш  түскен. 21 адам құдыққа түсіп кетіп, 1 адам қайтыс болды. Ал 2019 жылдың екі айының өзінде 500 шағым түсті. Елімізде металл қабылдау және өткізу орындарының қызметі реттелмеген. Сондықтан ол жоғарыда айтылғандарды заңға тәуелді актілер деңгейінде реттеуді сұрады.

 СЕРГЕЙ СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

2000-жылдардың басында кәріз құдықтарының қақпалары, телекоммуникациялық сымдар, су құбырлары жаппай ұрланатын. Сол кезде Үкімет түрлі-түсті және қара металдарды өткізуді заң деңгейінде реттей алатын шаралар қабылдады. Нәтижесінде ондай жағдайлар аз болды. Алайда 20 жыл өткен соң мұндай ұрлықтар қайта жасала бастады.

Ал оның әріптесі Василий Олейник еліміздегі лифтілердің мәселесін көтерді. Айтуынша, Қазақстандағы 23,5 мың лифтінің 40 пайызға жуығы жарамсыз. Бұл мәселе көбіне Алматыда өзекті болып тұр, мұнда 1 900 лифтіні ауыстыру қажет. Семейде 127 лифтіні ауыстыру қажет. Олар 30 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бұған 900 миллион теңгеге жуық қаржы керек. Бұзылған лифтілер тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді деп тиісті министрлікке депутаттық сауал жолдады.

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТОВАЛО РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ОПМ "КАРАСОРА-2020"
20:09, 1 маусым 2020
СТАРТОВАЛО РЕСПУБЛИКАНСКОЕ ОПМ "КАРАСОРА-2020"
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА-ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
19:43, 1 маусым 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА-ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОРДАЙДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:34, 28 мамыр 2020
ҚОРДАЙДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...