ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

18- ТАМЫЗ ШЕКАРАШЫЛАР КҮНІ

20:30, 17 тамыз 2018

Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан, Қазақстан республикасы   – мемлекет шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіту жолында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

18 тамыз –осы ел тыныштығы үшін күндіз түні күзетте тұрған шекарашылардың кәсіби мерекесі. Ал, биыл Қазақ мемлекетіндегі шекара қызметінің құрылғанына - 26 жыл. Осыған орай тілшіміз Гауһар Рысбай тыныштық сақшыларының жұмысымен танысып қайтқан еді.

Сан жылдар бойы білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғалып, 15 мың шақырымға созылған шекараның  біздің өңірге тиесілі бөлігі 500 шақырымға тең. Облыста Жуалы, Жамбыл, Меркі және Қордай аудандары көршілес қырғыз елімен шектессе, оны күзету  міндеті Тараз шекара отрядына жүктелген.Сондықтан ел қорғандары артылған жауапкершілік жүгін терең сезініп, өз міндеттерін мінсіз атқару жолында аянбай тер төгуде. Мәселен, тек өткен жылдың өзінде 2245 шекараны бұзу фактісі тіркелсе, 2,5 тонна есірткі заты тәркіленіп, 207 ірі қара малын алып өтпек болғандардың жолы кесілген.

Санат Құсайынов ҰҚК ШҚ 2035 әскери бөлімі командирінің орынбасары

Қазіргі таңда Тараз шекара жасағында 600-ден астам сарбаз азаматтық борышын өтеу үстінде. Ел шебінің қауіпсіздігін қалтқысыз қору үшін материалдық техника толығып, қорғаныс өнеркәсібі жақсара түсуде. Сәйкесінше, шекарашы болам деушілердің қатары көбейген. Кәсіби мереке қарсаңында 20/35 әскери бөлім 12 жас лейтенантпен толықты. Олар алыс-жақын шет елдер мен еліміздегі әскери академия түлектері. Оқуды үздік тәмамдап, Отан қорғанына айналуға сақадай сай. 

Мейірбан Ахметов/ жас лейтенант

сарбаз

Көршілес мемлекеттермен бейбіт аспан астында достық қатынаста ғана болу біздің елдің өмір сүру салтына айналса, басты күшіміз – бірлікте. Десе де, ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпар тұяғы талатын ұлан ғайыр атырап шебін шекарашылар жіті қорып, кірпік қақпай күзетуде.Сондықтан да, олар қандай болсын құрметке лайықты. Республика бойынша соңғы жылдары Тараз шекара отряды үздіктер қатарында көш бастап тұр. Бұл әрине темірдей тәртіппен отанға деген сүйіспеншіліктің нәтижелі жемісі.

Гаухар Рысбай, Тоқтар Терлікбаев

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
12:23, 9 қараша 2018
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
Толығырақ...