ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

60 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛДІ

23:08, 2 мамыр 2019

Бірлік пен ынтымақ  мерекесінде Тараздағы 13-ші мөлтек ауданда 60 отбасы қоныс тойын тойлады.  Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үйге аз қамтылған отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қоныстанды.

Тұрғын үйдің салтанатты ашылу рәсіміне қоныс тойын тойлағалы отырған отбасылар мен жергілікті билік өкілдері қатысты. Жақсылыққа жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев құттықтап, салтанатты түрде баспана кілтін табыстады.

Еркебұлан Дауылбаев / Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдары 1 млн 200 мың шаршы метрден астам тұрғын үй  берілген. Мұның көлемі алдағы уақытта тағы арта түспек. Ал, бүгін баспаналы болған отбасылардың қуанышында шек жоқ.

Гаухар Айдарбекова  / Қала тұрғыны

Бекболат Серікбаев  / Балалар үйінің тәрбиеленушісі

Осылайша еліміздің  бірлігі мерекесінде пәтер кезегінде тұрған отбасыларға жаңа үй тарту етілді. Ал,  жыл соңына дейін тағы 80 пәтерлі тұрғын үй  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Данияр Асқарұлы

Өміртай Ыбырай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар