ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

9 БАЛАНЫ ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АЛДЫ

18:47, 9 қыркүйек 2019

 


Жетім көрсең, жебей жүр. Өз перзенті түгілі, өзгенің де баласын жат көрмей, бауырына басып, ата-аналық мейірімін төгіп жүрген мейірімді жандар баршылық.Осы орайда бүгін, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Исаевтар отбасы 9 баланы патронаттық тәрбиеге алды. Қамқор жандар әр баланың өз отбасы болып, үйде тәрбиеленуі керек дейді. Әріптесім Келбет Шәмші жалғастырады.


Ботагөз Бакеева өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 9 тәрбиеленушісінің көңіліне қуаныш сыйлады. Алтын жүректі ана өзінің 4 баласынан бөлек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қанатының астына алды. Екінің бірі бара қоймайтын бұл қадамын ерлік деп бағаламайды. Жай ғана адамдық парыз, мейірім деп біледі.
Ботагөз БАКЕЕВА – ПАТРОНАТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ АЛУШЫ

/Әр бала отбасында тәрбиелену керек қой.Ол отбасының жылуын көру керек.Ата-ананың қарым-қатынасы, апа мен атаның қарым-қатынасы, мейірім көру керек. Енді отбасының құндылықтары өте көп қой.Балалар үйінде берілмейтін құндылықтар бар.мысалы, кез-келген жағдайда үйге көмектесу бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болу, үнемдеу деген сияқты, бауырмал болу көмек беру.Көп құндылықтарды үйренеді ғой отбасынан.Ең маңыздысы, мейірім деп ойлаймын.мейірімде өскен бала болашақта жақсы адам болып өседі деп ойлаймын./
 

Ал, Исаевтар отбасы қамқорлығына алған балалар әке мейірімі мен ананың ыстық алқанына зәру екендігі анық.Олар басқа ұлт өкілдері болса да өздеріне қолдау көрсетіп, қамқорлығына алған жандарға алғыстары шексіз.

Дина ВЛАСОВА - ТӘРБИЕЛЕНУШІ

Бұдан бөлек орталықтың тәрбиеленушілері келген қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.Өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән шырқалды.

Айта кетейік,  қазіргі таңда Жамбыл облысында 1 ғана өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы бар. Орталықта 68 бала тәрбиеленуде.Оның ішінде 50 балдырған ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Өткен жылдан бері 34 баланы патронаттық тәрбиеге алса, 1 бүлдіршінді асырап алған. Ал 13 бала өз отбасыларына қайтарылыпты.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...