ШҰҒЫЛ! ЖОЛ ТӘРТІБІН БҰЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АБАЙЛАҢЫЗ, ҚАЛТА ҚАРАҚШЫЛАРЫ!

20:00, 14 қаңтар 2020

Қалта қарақшылары тиылар емес. Мәселен өткен жылдың соңында желтоқсан айының өзінде телефон ұрлығымен 13 азамат қолға түскен.  Қоғамдық орындарда   қалта ұрлығы дендеп барады. Бүгінгі күні жедел есепке алу орталығында 96 қалта қарақшылары тіркелсе, оларды құрықтап, алдын-алу үшін біршама жұмыстар атқарылуда. Айта кетсек, облыс орталығының бірінші полиция бөліміне кәмелетке толмаған қызының телефон ұрланғаны  бойынша анасынан шағым түскен.  Жедел-іздестіру жұмысының нәтижесінде бір күн бұрын күдікті деп танылған 26 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.  Осы сынды  жыл басынан бері үздіксіз тіркелген қалта ұрлығы 2-қаңтар күні де орын алды. Ірі сауда орындарының бірінде болған ұялы телефон ұрлығына қатысы бар деген  тағы бір 35 жастағы азаматты ұсталыпты. 6 қаңтар күні де телефон ұрлаймын деп  19 жастағы қала тұрғыны  тергеуге алынған. Қазіргі уақытта күдіктілердің барлығы Тараз қаласындағы  уақытша ұстау изоляторына қамауда. Полиция қызметкерлері азаматтарды  ұқыпты әрі сақ болуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар