ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АДАЛ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

17:26, 13 маусым 2019

Бүгінде білім беретін мекемелерде жемқорлық фактілері азаймай тұр.Сол себепті де осыған қарсы күрсеті күшейту мақсатында Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті «Адал ұрпақ» жобасын қолға алған болатын. Осы орайда, аталған департамент пен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментінде жастарға арналған «Ашық есік күні» өтті.

Шараға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Акция барысында жастарға аталған мекемелердің тыныс-тіршілігі таныстырылып, мемлекеттік қызметтің жауапты да, адал жұмыс екені түсіндірілді. Сондай-ақ,  ерікті мектеп клубтарының мүшелері мен балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне департамент тарапынан арнайы кітаптар мен спорттық киімдер табыс етілді.

Даниал ЖЕТПІСБАЙ

«АДАЛ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ

Жалпы шараның басты мақсаты -  мемлекеттік органдардың жұмысын ашық түрде көрсетіп, жастардың қызығушылығын арттыру.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ 

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінде облыстаға 392 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті  клубтары жұмыс істейді. Оған 16 мыңға жуық оқушы мүше болып тіркелген.

 

К.Шәмші. Нұрлыбек Құдияров ЖҚ
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...