ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ БӘРІНЕН МАҢЫЗДЫ

13:34, 4 наурыз 2019

Наурыздың 1-і  БҰҰ-ның АИТВ/ ЖИТС  жөніндегі Бірлескен бағдарламасының  қамқорлығымен жаһандық «Нөлдік кемсітушілік» науқаны күні.  Ол барлық адамдар үшін нәсіліне, дініне, ұлтына, жыныстық ерекшелігіне, жасына қарамастан лайықты өмір сүру құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған орай, Тараз қаласындағы 158/7 мекемесінде іс-шара өтті.

Бұл шараның басты мақсаты осы індетке шалдыққан жазасын өтеушілердің қоғамнан шеттетпеу болып саналады.    Яғни, қоршаған ортаға сіңісу сондай-ақ,  кемсітпей барынша қолдау көрсету дейді ұйымдастырушылар.

Абылай ІЛИЯСОВ- Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары

Бүгінде 158/7 мекемесінде 60-қа жуық жазасын өтеушілер осы ЖИТС індетіне  шалдыққандар. Олар өзге де соталушылардан оқшауланбаған. Сонымен қатар, темір тордың арғы жағынада отырып, түрлі ауруға ұшыраған жандар тиісті дәрегерлік көмектер көрсетілуде

Дискриминация – бұл «қысым». Бұл термин  адам құқықтарына қысым жасалғанда және ол түрлі жолдармен  іске асырылып жатқанда қолданылады.  Өкінішке орай, бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың өмірінде әлі де болса кемсіту кездеседі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар