Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау институттарын жетілдіру

19:56, 13 қыркүйек 2017

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде «Заңгерлік көмек туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын түсіндіру мақсатында брифинг өтті. Аталған заң жобасы еліміздің 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген.

Тұжырымдамадағы басты бағыттың  бірі – сот жүйесі мен құқық қорғау жүйесін оңтайландыру. Сондай-ақ, онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау институттарын жетілдіру қарастырылған. Осыған байланысты,азаматтарға білікті маманнан заң көмегін алу жүйесін жетілдіру қажет. Өйткені,  кез келген қоғамда құқық қорғау ісі маңызды рөл атқарады.  Заң жобасы құқықтық қызметтердіңсапасын арттырып, халыққа қолжетімді етуді көздейді. Әсіресе, бұл жеңілдіктер аз қамтылған отбасыларға жасалады. Мұнан өзге, құжатта көрсетілгендей заңға байланысты мәселелерді мемлекеттік органдар, нотариус, сот орындаушылар  және  әртүрлі медиация орталықтары, азаматтар құқығын қорғайтын мекемелердің барлығы дерлік көрсетеді.

Дәурен Дайрабаев, Жамбыл облыстық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы

Жамбыл облысында 191 қорғаушы қызмет етуде. Олардың ішінде әділет департаментімен келісім-шартқа отырып, тегін қызмет ұсынушылардың саны – 167. Барлық аумақ яғни, Тараз қаласы, 10 ауданмен шалғай елді-мекендердің барлығын қамтып отыр. Заңның күшіне енгендігіне 5 жылдың шамасы болды. Ол үшін ел қазынасынан арнайы қаржы бөлініп, қорғаушылардың қызметіне ақы төленіп келеді.

Ақерке Бектас, Гаухар Рысбай, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
20:22, 25 қыркүйек 2017
Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
Толығырақ...
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
19:38, 25 қыркүйек 2017
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
Толығырақ...
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
19:36, 25 қыркүйек 2017
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...