ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

АДАМ САУДАСЫ – ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА

18:20, 18 шілде 2018

Адам саудасына тосқауыл қою бүгінде жаһандық проблема.  Адамдарды құлдыққа салуға заңды түрде шек қойылып, түрлі конвенциялар қабылданса да,  бұл жайт өзектілігін жоғалтпай келеді. Осы мәселеге қозғау салған көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Орталық Азиядағы Субөңірлік үйлестіру кеңсесінің өкілдері дөңгелек үстел отырысын өткізді.Басқосуға облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, еңбек инспекторлары мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен   қатысты. Шара барысында ұйымдастырушылар адам саудасы жайында түрлі ақпар беріп, онымен күресу жолдарын талқылады. Ортақ пікірлер айтылды. Құзырлы орган қызметкерлері адам саудасына қатысты болып жатқан қылмыстарды анықтау, алдын алу мен оларға қарсы күрес жүргізу бойынша  пікір алмасып, ойларымен  бөлісті.  Еліміздегі халықаралық көші-қон жөніндегі ұйымның статистикалық деректеріне сүйенсек, соңғы 10 жылда түрлі мақсатқа шетелдерге «сатылған» адамдардың дені қазақстандықтар болып шыққан.  Дүниежүзінде есірткі мен қару-жарақ сатудан кейінгі қатты дамыған адам саудасы, өкінішке қарай, біздің де елімізде де жиілеуі қоғамды алаңдатып отырғаны жасырын емес.  Сондықтан, көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Орта Азиядағы Субөңірлік үйлестіру кеңсесі алдағы уақытта тиісті құзырлы органдармен, бірлесе жұмыстар атқарып, қылмыстың бұл түріне мүмкіндігінше тосқауыл қоюға бекініп отыр.

Берік БЕГАЛИЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /көбінесе азаматтар өзге мемлекетке кететін, келетін жерлері бұл – аэропорт, вокзал немесе өзге де бекеттер ғой. Сол жерде ақпараттық киосктер тұрады, сол жерге керек сияқты деп ойлаймын. Көптеген азамат шетелге шыққан кезде оның құқықтары мен міндеттері, сол мемлекеттегі Қазақстанның елшілігі бар. солардың ..... мәліметтер болса, ертеңгі күні ол азаматтар шетелге кеткенде немесе бізге келген кезде өзінің құқықтарын қорғайтын, байланысатын орталық бар екендігін білулері тиіс/.

А. Тілеуханқызы, А. Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар