ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ

18:36, 4 сәуір 2019

«Аймақтық және жаһандық сын-қатерлер контексінде адам саудасына қарсы күресті күшейту». Осындай тақырыппен облыс орталығында семинар –брифинг өтті. Оған «Тараз АИТВ қарсы» қоғамдық бірлестіктері, қалалық әкімдік, полиция мамандары қатыстырылды. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Ондағы басты мақсат қоғамның назарын салауатты өмір салтын насихаттауға аудару. Және халықтың осал топтары  арасындағы аурулардың алдын-алуды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, ҚР–ғы мигранттардың медициналық қызметтерге қол жеткізуін қадағалау. Бүгінгі таңда  Жамбыл облысына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен жұмыс істеп ақша табуға мигранттар көптеп келетіні белгілі. Сондықтанда, сол заңсыз мигранттар арасында және адам саудалау, мигранттар арасында әртүрлі қауіпті әлеуметтік ауруларды болдырмау, мигранттардың денсаулықтарын тексеру өзекті мәселеге айналған. Жиын барысында денсаулық сақтау, құқық қорғау, көші-қон қызметкерлері осы бағытта баяндамалар жасап, өзекті тақырыпты талқылады.

Светлана ЖАСЫМБЕТОВА  - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ  

/Бздің елге күн көріс қамымен келетін мигранттар білуі тиіс. Мұнда адам құқығы сақталады. Анығын айтсақ, денсаулығына қатысты және әлеуметтік қызметтерді  алу тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, Қазақстанға келетін шетелдіктерге де  көрсетіледі/

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...