ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

АДАМДЫ АДАМ ЕТКЕН – ЕҢБЕК

19:16, 2 мамыр 2019

Бүгінде сотталғандардың еңбек етуі мен құқықтық қорғалуы да өз деңгейінде  қарастырылып келеді. Нақтырақ айтсақ,  Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД 158/5 мекемесінде жазасын өтеушілерге жұмыс ұйымдастыру жолға қойылып отыр.

Мұндағылардың басым бөлігі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, шаруашылық қожалығында және  кәсіпорындарда түрлі жұмыс істейді. Олардың еңбек ету жағдайы, техникалық қауіпсіздіктері де қарастырылған. Өз еріктерімен түзелуге келген сотталушылар мүмкіндіктеріне қарай әр- түрлі жұмыс атқарады. Қазіргі таңда түзеу мекемесінде 61 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Оларға ең   төменгі жалақы 42500 теңге  көлемінде айлық  төленеді.

Арыстанбек Момынбеков Сотталғандардың еңбегін қамту бөлімінің аға инспекторы

/158/5 мекемесіне түзеу мекемесінен түзеу жолына нық тұрған азаматтар келеді. Біздің мақсатымыз сотталғандарды еңбекпен қамту және әлеуметтік ортаға бейімдеу болып саналады/

Қ.Байкүшіков

Т.ТерлікбаЙ

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар